Меморандум оң нәтижесін беруде

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/34/novyi-zubnoi-kabinet.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/34/novyi-zubnoi-kabinet.jpg'

novyi-zubnoi-kabinet.jpgСәуір айында аудандық әкімдік пен «Варваринское» АҚ арасында әлеуметтік мәселелерді шешуде бірлесіп жұмыс істеу туралы Меморандум жасасқан болатын. Аталмыш Меморандум аясында аудандық орталық аурухананың стоматологиялық кабинетінің қажетті техникалық базасы жаңартылды.

 

4,5 млн. теңге сомасына сатып алынған заманауи құрал-жабдықтар тіс дәрігерлерінің қызмет көрсету спектрін кеңейтуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Стоматологиялық кабинеттердің бірінде терапиялық, екіншісінде хирургиялық көмек көрсетіледі. Бұл науқас пен дәрігердің уақытын үнемдейді, демек енді бұрынғыдай ұзын-сонар кезекте тұрмайсыз. Оған қоса, сізге бір емес, екі тіс дәрігері қызмет көрсетеді. Сатып алынған аппараттың көмегімен рентгенді диагностика жасалалатыны қуантады. Себебі, дәл диагноз қою, дұрыс және сауатты емдеуді жоспарлау - қазіргі стоматолог дәрігердің жұмысының маңызды, әрі ажырамас бөлігі. Сонымен қатар, тіс дәрігерінің кабинеттері стоматологиялық аспаптарды зарарсыздандыру, стерилдеуге арналған автоклав секілді басқа да құрал-саймандармен толықты. Стоматологиялық орындық та жаңартылған көрінеді. Байқауымызша, мамандарға барлық жағдай жасалғанмен, салқындатқыштың қарастырылмағаны көңілге қаяу түсіреді. Әкімшілік хирургиялық кабинетте бір ғана желдеткіш орнатса, терапиялық кабинетте оның өзі жоқ. Естеріңізде болса, бұрынғы кабинетте салқындатқыш болған еді. Дәрігерлерге де, емделушілерге де ыңғайсыздық туғызатын бұл кемшілік көп ұзамай түзетіледі деген сенімдеміз.
Осылайша, аудандық емхананың қабырғасында қазіргі заманғы технологиялар қолданылып, стоматологиялық кабинет қажетті материалдармен қамтамасыз етілді. Серпіліс, жаңа леп тек тіс дәрігерлерінің стоматологиялық аспектілерді игеруіне, сапалы қызмет көрсетуіне септігін тигізетініне кәміл сенеміз. «Жаңа құрал-саймандардың көмегімен емделушілердің ең қиын деген стоматологиялық мәселесін шешіп қана қоймай, аурудың асқынуын алдын аламыз. Біз әрдайым жерлестерімізге саулық сыйлауға әзірміз және өз міндеттерімізді қуанышпен атқарамыз», - дейді білікті де, тәжірибелі тіс дәрігері Серік Алиаскаров.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика