Балаңыздан көз жазып қалмаңыз!

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/34/deti-avtostopom.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/34/deti-avtostopom.jpg'

deti-avtostopom.jpgЕлімізде жылына мың жарымға жуық бала жоғалады екен. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні еліміз бойынша жалпы саны 5000-нан астам бала іздестірілу үстінде екен. Айдың күнінің аманында балаларымыздан неге көз жазып қалып жатырмыз?

 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының ақпаратына сенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде – 70 мың бала, АҚШ-та 1,5млн. бала, Ресейде – 15 мыңға жуық бала жоғалады екен. Еліміз халқының жөнінен бұл елдерден әлдеқайда төмен сатыда тұрса да, балалар мен жасөспірімдердің жоғалу деңгейінен кем түспей тұрғаны байқалады. Мамандар, ең алдымен, ата-аналарға балаларына өздері қорған болу керектігін, көзден таса етпеуін ескертуде. Ата-анасының бақылауынан тыс қалған кез-келген қарақшының жетегінде кете беруі әбден мүмкін. Жақында ғана Тобыл-Лисаков бағытындағы жолдың бойында назарымыз ересек адамдардың қарауынсыз тұрған бес балаға түсті. Шамамен 10-12 жасар балалардың үшеуі өзара әңгімелесіп тұрса, екеуі жолшыбай көліктерді тоқтатып тұр екен. Бір минут та өткен жоқ, бейтаныс бір машина тоқтады. Міне, осылайша кездейсоқ аталмыш жағдайдың куәгері болдық. Осы орайда, жоғалатын балалар мәселесіне қатысты бірқатар сауалдар туындады.
Сала мамандары бұл ретте балаларына атүсті қарайтын ата-аналарды кінәлайды. «Әуелі мұндай жағдайды болдырмаудың жолын ойластыру керек» деген қағиданы ұстанатын жергілікті полиция қызметкерлері балаларды қауіптен сақтандыру мақсатында мектеп оқушыларымен осы тақырыпта әңгімелесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін көрінеді. Полиция қызметкері Ербол Сейтмағамбеттің сөзіне қарағанда, аталған жағдайда балаларын қадағалаусыз қалдырған ата-аналарға заң бойынша ешқандай шара қолданылмайды. Кәмелет жасқа толмағандар түнгі 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін ата-аналарының қарауынсыз жүрсе ғана, жауапкершілікке тартылады. Биыл ауданымызда кәмелет жасқа толмаған баланың үйінен өздігінен кетіп қалу бір фактісі тіркеліпті.
Құс екеш құс та балапанын қорғайды. Осындайда «құс құрлы бола алмаймыз ба?» дейсің еріксіз. «Сақтықта – қорлық жоқ» екендігін есімізден шығармағанымыз абзал.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика