Сенбілікке жиналғандар аз болды

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/34/oi4emu-ludi-ne-hodyat-na-subbotnik.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/34/oi4emu-ludi-ne-hodyat-na-subbotnik.jpg'

oi4emu-ludi-ne-hodyat-na-subbotnik.jpgСенбілік – қоршаған ортаны таза сақтауға, елді-мекеннің ажарын арттыруға бірден-бір үлкен әсер ететін шара. Бірақ, осы жалпыхалықтық мәселеге кім қалай атсалысып отыр?

 

Аудан орталығында аптасына екі рет сенбіліктер ұйымдастырылып, екі саябақ қалпына келтіріледі. Алайда, мемлекеттік мекемелердің көптігіне қарамастан, қызметкерлеріміз аталмыш шараға өз үлесін қосуға асықпайтын секілді. Мәселен, сейсенбі күні жоспар бойынша мәдениет үйінің аумағындағы саябақ тазалануы тиіс еді. Сенбілік ұйымдастырылғанмен, жиналғандар қатары аз болды. Нақтырақ айтсақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұтынушылардың құқығын қорғау, кәсіпкерлік бөлімдері және ХҚКО, кітапхана, мұражай, ауылдық әкімдік қызметкерлерінің күшімен бұта, тал-шіліктер кесіліп, саябақтың іші қоқыс қалдықтардан арылды. Ауылдық әкімдіктің мамандары әр мекемеге телефон шалып, сенбіліктің өтетіндігі жайлы алдын ала хабарласа да, жиналғандар қатары аз болды. Тазалық жұмысына барлығы он беске жуық адам ғана қатысты. Ашығын айтқанда, көптеген мекемелердің сенбіліктен шет қалып отырғанына қынжыласың. Қалай десек те, осылайша санаулы ғана адамдардың қатысуымен өтетін сенбіліктердің ойдағыдай нәтижелі болуы екіталай десек артық айтпаспыз. Себебі, күннен-күнге сенбілікке қатысушылардың қатары азайып барады. Айтуға ұят-ақ...
«Мен – тарандықпын» деп дейтіндерді туған ауылының тазалығы қызықтырмаса керек. Сенбілікке жиналғандармен осы тақырыпта әңгіме өрбіткенімізде, бірі жұмысбастылықтың кесірінен қатыспады деп есептесе, енді бірі тазалық жұмыстарына немқұрайлы қарайтындықтан алтын уақыттарын бөлгісі келмейтіндігін алға тартты. Қайткенеде де, жергілікті билік тазалық сақталуы үшін бар шараны қолдануда. Мүмкін, ұйымдастыру деңгейінің кем тұстары да бар шығар ойға да келесің. Дегенмен, әр тұрғын сенбіліктерге құрметпен қарап, атсалысқаны жөн. Сонда ғана біз өңіріміздің, саябақтарымыздың көркін сақтап, ұрпағымыздың таза ауада тыныстап, дені сау өсуіне септігін тигізерміз. Естеріңізге сала кетейік, сенбілік алдағы күндерде де өз жалғасын табатын болады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика