Мектеп стандартқа сай келмесе...

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/34/reorganizac-shcool-ganara.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/34/reorganizac-shcool-ganara.jpg'

reorganizac-shcool-ganara.jpgБілім беру бөлімінің мамандарының айтуынша, ауданымыздағы он мектеп Үкімет Қаулысына сәйкес мелекеттік стандартқа сай келмейді. Сондықтан, биыл төрт мектеп қайта ұйымдастырылды.

Нақтырақ айтсақ, Мақсұт және Е.Омаров атындағы негізгі, ал Павлов және Варварин бастауыш мектептері болып қайта ұйымдастырылды. Себебі, Үкімет Қаулысына сәйкес орта мектепте кем дегенде - 81, негізгісінде - 41, бастауыш мектепте - 5 оқушы болуы керек. Бала санының аздығына байланысты мәртебесі өзгерген мектеп оқушыларына жақын маңдағы ауылдарға қатынап оқуына тура келеді. Мұндайда балаларды интернатпен қамту немесе тасымалдау мәселесі қалай шешілуде?
Мектептер жабылса немесе қайтадан құрылса, оқушылардың да, мұғалімдерді де жағдайы жан-жақты ескеріледі. Үш мектеп оқушыларының көрші ауылдардағы мектептерде білім алуы үшін күнделікті автобус қатынасы қамтамасыз етіледі. Ал, биылғы оқу жылынан бастап Б.Майлин атындағы орта мектепте оқитын Мақсұт ауылының балалары интернатқа орналастырылады деп жоспарлануда. Себебі, мамандардың мәліметіне сүйенсек, ел Үкіметінің Қаулысына сәйкес елді-мекен мен мектептің арасы үш шақырым қашықтықта болса, онда оқушылар тасымалы ұйымдастырылуы тиіс. Өкінішке орай, жыл өткен сайын шалғай елді-мекендердегі бала саны азайып жатқандығы байқалады. «Аталған мектептердің барлық мұғалімдері де жұмыспен қамтылған», - дейді әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Айгүл Алимбаева.
Әйтеуір, ауыл болашағы тікелей мектепке байланысты болғандықтан, ауыл мектебі жабылмаса болды. Өйткені,бүгінгі мектеп жабылса, ертең ол ауыл да жоқ болады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика