Егін орағы қызу қарқын алды

Қоңыр күздің егіні де пісіп жетілді. Қазір ауданда егін орағы қызу басталып кетті. Ауа райының құбылмалы тұстарын байқаған тәжірибелі диқаншылар егінді дер кезінде жинау қажеттігін ескертті. Осыған құлақ асса керек, комбайндар жаппай астыққа түсіп, дала төсін дүбірге бөледі.

Аудан диқаншыларының егін ору науқанына бірсыпыра дайындықпен келгені байқалады. Күздің тосын мінезінің ұтымды тұсын пайдаланған шаруалардың алғашқы адымы көңіл қуантарлық. Бірінші қыркүйек күнгі мәліметтерге сүйенсек, жиын - терін науқанының көш басында «Әділет», «Ақтас», «Викторовский», «Майлин атындағы», «Шкуратов» сынды жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері келеді.
Ауданымызда егін орағы басталғалы тынымсыз еңбек етіп жатқан шаруашылықтардың бірі - «Ақтас» ЖШС-і еді. Біз арнайы іссапармен осы шаруашылыққа барған болатынбыз. Бұл жерде бізді шаруашылық басшысы Серікбай Данекенович күтіп алды. Егін даласы айналаға нұр сыйлаған көркемдігімен ерекшеленетін, тамаша сөз жетпес пейзаж ғой. Оның қырман басындағы техникалары, жұмысшылардың көңіл-күйі адамға ерекше әсер береді екен.

 


Новоильиновский ауылдық округінде орналасқан аталмыш шаруашылықты Серікбай Қадамбаев басқарады. Шаруашылық төрағасының мәліметінше, биыл 6217 гектарға бидай себілген. Былтырғымен салыстырғанда биыл егіс көлемін 2500 гектарға көбейтіпті. Оған бидайдан өзге майлы дақылдар, екпе шөптер себілген. Қыркүйектің бірі күнгі мәліметпен оның 32 пайызын орып үлгіріпті.

 


«Көп түкірсе көл» дейді дана халық. Бұл шаруашылықта еңбек етіп жүргендердің тізімі тоқсан жұмысшыны құрайды. Құрылыс бригадасы, бидай қоймасында, егіс алқабында да бригадалар бар. Бұл бригадаларды Олег Иванович, Анна Николаевна, Марат Сейітжанович, Сергей Николаевич сынды бригадирлер басқарады.
Дала академигі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев: «Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады» деп айтып кеткен. Ақтастық диқандар «не ексең, соны орарсың» деген халық нақылын жақсы түсінеді. Сол себепті, еткен еңбектерінің нәтижесіндей дәні пісіп дайын болған егіс алқабында таңды кешке жалғай еңбектенуде.

 


Қырман төсінде жиырмаға жуық техника қызмет жасап жүр. Қызу еңбек, бір минут тыныстауға уақытты әрең тауып жүрген дала майталмандары тоқтаусыз жұмыс жасауда десе болғандай. Осынау еңбеккерлерді уақытылы ас-сумен қамтып отыру да дұрыс жолға қойылған екен. Лилия Геккел мен Римма Кизимина - асхананың шеберлері. Бас аспазшы Лилия Анатольевна осы салада жиырма бес жыл қызмет атқарып келеді екен. Жастайынан аспаздыққа машықтанған ол өз қызметін абыроймен атқарып келеді.
Шаруашылық басшысы Серікбай ағамыз:
- Жұмысшылардың барлығын жем- шөппен қамтамасыз етеміз. Оның сыртында маңайдағы ауылдардың тұрғындарын, зейнеркерлерді де ұмыт қалдырмай келеміз, - деп, бірқатар жұмыстарға тоқталып, жұмыста белсенділігімен танылып жүрген қызметкерлерге де тоқталып өтті. Олардың қатарында А. Гейн, П. Деменюк, Ю. Скурат, Ю. Власов сынды комбайншылар, Н.Потрубейко, В. Кучерявый, В.Дворник, Қ.Ибраевтай тасымалдаушылар, С.Писменный - дәнекерлеуші, Т.Бауер, С. Мендібаевадай жұмысшылар бар.
Әр күні санаулы егін орағының ырғалып - жырғалып жүруді көтермейтіні орақшылар үшін жақсы таныс. Сондықтан әр жылға азық болып отырған несібені «ақтастықтар» да уақытылы жинап алады деген сенімдеміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика