Құжат ауыстыру міндет пе?

Елімізде келесі жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметтер тек қана чиптері бар жеке куәліктер бойынша ғана көрсетіледі деп жоспарлануда. Бірақ келешекте ескі нұсқадағы куәлік иелері қызметтердің нақты қай түрін қолдана алмайтыны әлі белгісіз. Бұл туралы Аудандық көші-қон қызметі бөлімшесінің мамандары айтып берді.

Олардың сөзіне қарағанда, ауданымызда негізгілердің бірі болып табылатын құжатты 4000-ға жуық адам ауыстыруға жатады. Билік органдарынан келіп түскен бұл тапсырманы қыркүйек айының соңына дейін мәресіне жеткізуге тиіспіз дейді полиция қызметкерлері. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жаппай құжат алмастыру дау-дамайға ұласпауы үшін, бірнеше мүдделі органдар бірлесіп, кесте құрып, сол кестеге сай әрбір шалғай жатқан елді мекеннің азаматтарын тасымалдайтын көрінеді. Аудандық ХҚО басшысы Денис Лидің айтуынша, бүгінде Орталықтың қызметкерлері күніне 100-ден астам азаматтарды қабылдап, құжат алмастыру жөніндегі өтініштерді өңдеп үлгіреді екен. «Өз кезегін күні бойы тосып отырған ондаған адамдардың ішінде төзімі аз кісілер болмай қоймайды», - дейді ол. Келген азаматтардың ыңғайына қарай ғимарат ішінде қосымша күту залы да ашылды.
Облыстық көші-қон басқармасының бастығы Қайрат Дутпаевтың берген түсініктемесіне сүйенсек, бүгінде ескі куәліктерін жаңа үлгідегі құжаттарға айырбастауды қажет ететін азаматтар үш категорияға бөлінеді. Олардың алғашқыларына ЖСН көрсетілмеген құжаттары (мұндай құжаттар 2013 жылғы 1-қаңтардан бастап жарамсыз деп есептелуде) бар азаматтар; екіншілеріне – жеке куәліктерінің әрекет ету мерзімі асып кеткен азаматтар; соңғыларына әрекет ету мерзімі аяқталмаған, бірақ чиптері жоқ пластиктан жасалған жеке құжаттары бар азаматтар жатады. Алайда, жеке куәліктің қолдану мерзімі шықпаса, жаңадан құжат алу қалың бұқараға міндет емес екен.
Бір айлық мерзімде дайындалатын жаңа құжаттың құны қазірде 396 теңгені құрайды. Оны тұрғылықты жердегі аймақтық Халыққа қызмет ету орталығында айырбастауға болады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика