«Сұлулықтар» егін орағына белсене кірісті

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/37/sulu-uborka.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/37/sulu-uborka.jpg'

sulu-uborka.jpgАуданымызда астық жинау науқаны қарқынды жүргізіліп келеді. Осы ретте, біз «Сұлу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық жинау науқанының барысын қарап, шаруашылықтың үшінші бөлімшесінің жұмыс тынысымен таныстық.

Шаруашылықтың басқарушы-агрономы Олег Яицкийдің болжауынша, биыл дақылдар бойынша астық түсімі нашар болуы мүмкін. Себебі, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ауа райы жаңбырлы болмағандықтан, астықтың бітік шығуы екіталай. «Сұлу» ЖШС-і түрлі дақылды астық жинауға тамыздың 21-і күні кіріскен екен. Олар егінмен ғана емес, бидай, арпа, сұлы, рапс, күнбағыс,зығыр, тары егумен де айналысады. Егіс алаңының өзі сегіз жарым мың гектар жерді құрайтын көрінеді.
Қазіргі таңда оннан астам жұмысшыларды құрайтын бригада тұқым құйып, келесі жылға тұқым дайындауда.
«Біз түрлі дақылдарды олардың пісіп жетілуіне қарай жинаймыз. Зығыр және бидай жинауды аяқтағаннан соң, қалғандарын жинауға кірісеміз. Шыны керек, майлы дақылдарға қарағанда дәстүрлі бидай дақылдарын егіп, күту әлдеқайда оңай. Қалыптасқан жай бойынша біз жиналған өнімді қайта өндіріп, оны қоймаға және элеваторға жібереміз. Міне, бірнеше жыл бойы ылғалдықты сақтау сынды жаңа технологияны пайдаланумен қатар, химиялық буды қолданудамыз. Ауа райы қолайлы болса, күздің аяғына дейін астық жинау науқанын аяқтаймыз», - дейді Олег Борисович.
Николаев ауылындағы үшінші бөлімшенің қадрлық құрамы жайлы айтар болсақ, мұнда негізі ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген азаматтар ғана жұмыс істеп жүрген екен. Өкінішке орай, жастар тапшылығы жоқ емес, бар. Бригадир Иван Кречконың ойынша, жастар қауымы маусымдық ауылшаруашылық саласына бет бұрғаннан гөрі, тұрақты жұмыс орнын таңдайды. Сондықтан, көптен бері жұмысшылар қатары жастармен толыққан жоқ. Оған қоса, аталмыш салада еңбек ету үшін адамның бойында төзімділік пен қажырлық болуы тиіс. Өйткені, олар таңның атысынан кештің батысына дейін тынымсыз тер төгуге мәжбүр. Ауа райы қолайсыз болғандықтан, қырдағы жұмыс тоқтап қалады. Соған қарамастан, жұмысшылар қолды қусырып отырмай, техниканың ақауларын жөндейді. Техниканың басым бөлігі ескі болғандықтан, қосалқы бөлшектер жиі сатып алынады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика