Тосқауылсыз ортаға бір-ақ адым

«Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлығына бірдей еңбек ету үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ал мұны іске асыру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым нысандарын тиісті түрге келтіру қажет. Осы жылға дейін ауданымызда осы бағытта атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасап өттік.
Жалпы алғанда, өңірімізде мүгедектер үшін бейімдеуге арналған ғимараттар саны шектеулі. Олардың басым бөлігі – мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер орналасқан ғимараттар. Қазіргі кезде олардың бірнешеуі ғана арнайы бейімдеуден өтсе, қалғандары өз кезектерін күтуде. Бейімдеуден өткен екі ғимаратта тіпті дәретхана бөлме-жайлары да мүгедектерге ыңғайлы болатындай күйге келтіріліпті. Орнатылған унитаздың биіктігі тиісті деңгейге келтіріліп, есіктердің орындары біршама кеңейтіліп, ұстауға ыңғайлы болатын тұтқалар да қойылған екен. Былтырдан бері бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен айтарлықтай қаражат та бөлініп жатқан көрінеді.
Орта есеппен алғанда, бір ғимаратты мүгедектер арбашасы өтуге қолайлы болатындай етіп бейімдеуге шамамен 250 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалады екен. Бірақ дәретхана бөлмелерін жайластыру және қабаттан-қабатқа көшу үшін көтергіштерді орнату бұл сомаға кірмейді.
Сонымен, мүгедектерге тосқауылсыз орта жасап, толығымен бейімдеуге не кіреді? Ең алдымен, бұрышы 45 градустан, ал ені 1 м кем емес пандустың болуы. Оның екі жағында міндетті түрде тұтқалар болуы тиіс. Айта кету керек, аталмыш тұтқалардың дәретхана бөлмелерінде болуы да шарт. Кабинеттерге кіре берістерде табалдырықтар мүлде болмауы керек, ал есіктер арбаша өте алатындай, кеңдігі 90 см кем емес болғаны дұрыс. Ғимарат ішінде қажетті барлық сілтеуіш таңбалар болуы тиіс, бұл көз көруі нашар азаматтарға арналған көмек түрі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар табалдырығын аттайтын кез келген меншік нысандарының әкімшілігі оларға тосқауылсыз орта жасауға деген үлестерін ертерек қосқандары абзал. Бұл саладағы әрекетсіздік заңға қайшы келеді. Демек, ол үшін заңда әлдебір жауапкершілік көзделген деген сөз. Атап айтқанда, мүгедектерге тиісті жағдай жасамағаны үшін, бейімделмеген ғимарат иелері не жалға алушылар әкімшілік жазаға тартылуы немесе 200 АЕК дейін айыппұл төлеуге ұшырай алады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика