Дін саласындағы саясатқа ақпараттық қолдау семинардағы тақырыпқа арқау болды

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/43/12164733_894376137278555_1352738538_o.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/43/12164733_894376137278555_1352738538_o.jpg'

12164733_894376137278555_1352738538_o.jpgӨткен аптада облыс орталығында Ішкі саясат және Дін Істері басқармаларының мұрындық болуымен «Мемлекеттің дін саласындағы саясатына ақпараттық қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оған облыс аумағындағы БАҚ өкілдерінің басшылары мен өкілдері қатынасты.

Бүгінгі күні дін саласы кең қанат жайды. Дін тарату ісі әлі де жалғасын табуда, әртүрлі мемлекеттер, діни ұйымдар нақты бір аумақтарда өз ықпалын күшейтіп, сол аумақты өз бақылауында ұстау үшін қаржы салып, дін тарату ісін жүргізуде. Бұрын өзге елдерді жаулап алу қара күштің ісі болса, ендігі жерде түрлі қулық-сұмдықты игерген жаулап алушылар өздерінің жаңа аумақтарды игеру бағдарламаларына дінді басты құрал ретінде енгізді. Мұндай аймақтың бірі өзіміздің қазақ елі де азаттық алған аз ғана уақыт ішінде қаншама діни ағымдар мен секталардың меншікті мекеніне айналып үлгерді. Кезінде атын білмейтін бірнеше діни ағымдар мен секталар біртіндеп қазақ қоғамына кірігіп, олардың ортасында өз қауымдастықтарын құрып алды.
Жалпы дін туралы сөз қозғағанда бір мақсат болуы шарт. Дін - қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті, тазалықты, кішіпейілділік пен мейірімділікті, бейбіт өмірді қамтамасыз етеді, білімді болуды үндейді, тағысын тағы осы іспеттес адами құндылықтарды насихаттайды. Керісінше бұл бағытты қаламайтын діни ағымдар саны жетерлік. Осыдан келіп діни сауаты жоқ қарапайым халық зардап шегеді. Тіпті айдың, күннің аманында мақсат-мүддесі қазаққа жат діни ұйымның мүшесі болған ұл-қыздар ата-анасы мен бауырларынан безіп, өздерін хақ діннің жолындағы тақуа санап, пайғамбар дәуіріндегі өмірді насихаттап жүргені жасырын емес.
Жоғарыдағы атап өткен «Мемлекеттің дін саласындағы саясатына ақпараттық қолдау» семинарының мақсаты да осы олқылықтардың ақпараттық құралдары арқылы алдын алу, заңдық тұрғыда насихат жүргізу және мақаланың сауатты жазылуын қамтамасыз ету болды.
Жиынның тізгінін қолына алған облыстағы Дін Істері басқармасының төрағасы Нұриқан Нөгербеков дін саясатында ақпараттың атқарар рөлі зор екенін әрі осы бағытта қолдау білдіріп, біріге жұмыс атқарып жүрген БАҚ мүшелеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ діни тақырыптарда материалдар жазу өте сауаттылықты, қырағылықты қажет ететінін тілге тиек етті. Сондай-ақ осы тұрғыда мақалалар жазуда тиісті салалар мен білікті мамандардың кеңесіне жүгінсе деген өтінішін білдірді. Дін Істері комитетінің өкілі Серікбол Арынғазыұлы да осы жайттар төңірегінде әңгіме қозғай келіп, діни тақырыптағы мақалаларда журналистер қауымының жіберген кемшіліктеріне тоқталып өтті.
Семинар соңында мамандар мен БАҚ өкілдері өзара пікір алысты.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика