Игі іске – ізгі ниет

Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» деген тамаша сөз бар. Біз де осы ұлы сөзді ту етіп алып, жақында Нагорный ауылында өрттің салдарынан баспанасыз қалған отбасыға мүмкіндігінше көмек көрсеткен азаматтардың игі ісін оқырмандарға жеткізуді жөн көрдік.

Сол күні жалғызбасты ана Айгүл Жұмабекова әдеттегідей үйінде жүрген еді. Ауыл тіршілігі белгілі, пешіне от жағып, мектепте сабақта жүрген балаларына түскі ас әзірлеп қойған түрі еді. Балалары оқудан қайтып келгенше, бір жерге барып қайтам деген оймен Айгүл үйден шығып кетеді. Мұның арғы жағында үй ішінде не болып, не қойғанының егжей-тегжейін ендігіде полицейлер анықтайтын болады... Әйтеуір, пештен түскен шоқ үйдің ішін лезде лаулаған жалынға орады. Мұны арғы жақтағы көршісі көріп, дабыл қағады. Өртеніп бара жатқан баспанасынан Айгүл жалма-жан тек құжаттарын ғана іліп алып шығуға үлгірген.
Тілсіз жауды тоқтатуға күш жұмылдырған ауылдықтар қолдарына түскен ыдыспен су сепкенше, аймақтағы ірі шаруашылық «Викторовское» ЖШС-нен дер кезінде «ГАЗ-53» автокөлігі мен су тасымалдағыш келіп, көрші үйге өршіп бара жатқан жалынды сөндіруге ұмтылды. Сөйткенше, Рудный қаласы мен аудандық өрт сөндіру бөлімшесінен де көмек келіп жетті.
Екі баласымен далада қалған әйелді жетімсіретпей, ауыл төңірегі түгіл, тіпті, аудан аумағынан да жандары ашыған азаматтар табылып, қолдарынан келгенше, көмектерін көрсете бастады. Үй-күйсіз қалған отбасыны орналастыру жөніндегі жұмыстардың басым бөлігін Айгүл Жұмабекова еңбек етіп келетін «Викторовское» ЖШС өз мойнына алды. Өзінің меншігіндегі үйлердің бірін осы отбасыға беріп, ішін жиһаз-жабдыққа толтырған, үстеріне киім-кешек кигізгеннің сыртында, ақшалай көмек бөлген де осы серіктестік пен оның жұмыскерлері. Селолық округ әкімдігінің қызметкерлері де қол қусырып отырмай, қаражат жинап, балаларға арнап қажетті кеңсе құралдарын алып берді. Ал, ауылдасы, тігіншілікпен айналысатын жеке кәсіпкер Мария Ершова оларға судай жаңа мектеп формасын ұсынды.
Бүгінде Жұмабековтерге қол ұшын созып жатқан адамдар әлі де баршылық. Олардың барлығына отанасының айтар алғысы шексіз. Міне, осындай ізгі ниеттен туындаған игі істерді Қазақстан халқы Ассамблеясының «20 ізгі іс» республикалық эстафетасының аясындағы біздің ауданымызда айтуға тұрарлық істердің қатарына әбден жатқызуға болады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика