Ауданда асыл тұқымды мал басын көбейтуге толық мүмкіндік бар

Елімізде мал басын асылдандыруға басымдық беріліп отыр. Өйткені мал асылданбай өнімнің молаймайтындығын уақыт дәлелдеп келеді.

Сондықтан Елбасы өз Жолдауында аграрлық секторда етті және сүтті мал шаруашылығын дамытуға баса мән беріп, ауыл шаруашылығын аяғынан тұрғызудың басым міндеттерін айқындап берді. Ауқымды тапсырманың жүзеге асуы үшін қолдағы малды асылдандыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы орайда қолдағы малдың қоңды болуына септігін тигізер қолдан ұрықтандыру тәсілін жандандыру - уақыт талабы болып тұр. Бұл бағытта мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қомақты қолдаудың жемісі зор екендігін атап өткен жөн.

Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауларының нәтижесінде ауданда мал тұқымын асылдандыру жұмысы жақсы жолға қойылды. Оған Новоильинов ауылдық округіндегі «Қалиев» шаруа қожалығының бүгінгі тыныс-тіршілігі дәлел.

 


Аталмыш шаруашылық 2005 жылы құрылған. Шаруашылықтың негізгі бағыты мал мен егістік жұмыстары. Мал басын асылдандыруды былтырдан бастап қолға алған. Оған мұрындық болған «Ырыс» бағдарламасының қолдауы.
«Ырыс» - «Агробизнес – 2020» мемлекеттік салалық бағдарламасының аясында жүзеге асырылатын бағдарлама. Ол «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының бір тармағы болып саналады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Қостанай облысындағы филиалының директоры Марат Салықбаевтың мәлімдеуінше «Ырыс» бағдарламасы отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды құруға және кеңейтуге бағытталған жобаларды қаржыландырады. Несиенің максималды сомасы - 60 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 7 жылға дейін, сыйақы үстемесі - субсидиялауды есептемегенде, жылына - 4 пайыз, субсидиясыз – 11 пайыз.
«Ырыс» бағдарласы бойынша жоғарыда атап өткен «Қалиев» шаруа қожалығына 45,7 млн. теңге көлемінде несие берілген. Шаруашылық басшысы Асқар Қалиев:
«Ырыс» бағдарламасының қолдауымен берілген несиеге симментал және қазақтың ақбас сиырын, сондай-ақ жылжымалы сиыр сауатын аппарат, мал бордақылауға арналған техникалар алдым. Сиырларды неміс бұқасының тұқымымен қолдан ұрықтандырамыз. Қолдан ұрықтандыру тәсілін меңгерген маманымыз бар. Бұл жөнінде Қостанай, Астана аумағындағы ғалымдармен жиі кеңесіп отырамыз. Бүгінде 400 жуық ірі қара малымыз бар.

 


Жылқы малын өсіруді де қолға ала бастадық. Ақтөбеден сүтті әрі етті 11 бас жылқы әкелдік. Жыл сайын 10 басқа көбейтіп отырмақпыз. Жоспар бойынша қымыз фермасын ашу ойымызда бар. Ол енді алдағы уақыттың еншісіндегі жоспарлар. Шаруашылықта 20 жуық адам қызмет атқарады. Жалақыны уақытылы беріп тұрамыз, - деді сұхбат барысында.
Мал шаруашылығы - еліміздің ата- баба дәстүрімен келе жатқан кәсібінің бірі. Ата-бабамыз төрт түлік мал өсірумен ертеден айналысқан. Осы игілікті дәстүрді жандыруды қолға алған Асқар Қалиевтің көңілге қонымды жұмысына сәттілік тілеп оралдық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика