Көлік құралдарының жүргізушілерінің мұқият болмауынан...

Қазақстан Республикасының темір жолдарында автокөлік құралдары жүргізушілерінің кінәсынан темір жол үстінен өтетін жолдардағы соқтығысу оқиғасының жағдайы әлі де толғандырады. Адамдар мерт болып, мемлекет материалдық шығынға ұшырауда, сонымен қатар бақылаусыз малды пойыздың соғып кету қаупі бар.

Бұл өзекті мәселені шешу үшін, ауылдық әкімдіктер тұрғындармен үлкен алдын алу жұмыстарын өткізеді. Бірақ, өткізілген алдын алу жұмыстарына қарамастан, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ірі Қостанай дистанция жолы» филиалы пойыздарының машинистері темір жол үстінен өтетін жолдарда адамдарды, малдарды соғып кетпеу үшін амалсыздан тепловоздардың қызметтік, жедел тежеуішін іске қосуға мәжбүр болғандары туралы ақпарат келіп түсті.
Неліктен соқтығысудың алдын ала алмады?
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль бөлімінің мәліметіне сүйенсек, №4901 пойызының № 1923 ВЛ80 электр пойызының жүргізушісі Колпаков, электр пойызының жүргізушісінің көмекшісі Сыздықов құрамында локомотивтік ұжым Железорудный – Тобыл темір жол бөлімі бойынша жүрген.
Железорудный – Тобыл темір жол бөлімінің 348 км пк6 Қаратомар – Воронин өткелінде орналасқан темір жол өткеліне 58 км/сағ жылдамдығымен жақындап қалғанда, жүргізуші Колпаков дауысты және жарықтық сигналдар бере бастаған. Темір жол өткелінің екі жағында автокөліктер тұрған. Өткелдік сигналдар дұрыс жұмыс атқарып тұрған.
№ 1923 ВЛ80 электр пойызының жақындағанда №KZ 067 BUA 10 тіркемесі, № KZ 027 ДМА 10 жартылай тіркеме «Маз» автокөлігінің жүргізушісі өткелден өтуге қозғалысты бастаған. Қозғалыстың қауіпсіздігіне қауіп туғанын жүргізуші Колпаков көріп, құм бере отыра 58 км/сағ төтенше тежеуді бастаған, бірақ жартылай тіркемен соқтығысудың алдын ала алмады және 11 сағат 17 минутте пк8 348 км тоқталды.
Темір жол үстінен өтетін жолдардағы автокөліктің пойызбен соқтығысуын, малды соғуын, жол бөлшектерін ұрлануын болдырмау мәселелерін шешу, тек қана мемлекеттік органдардың және темір жол жұмысшыларының ғана емес, барлық аудан тұрғындарының ісі. Құрметті аудан тұрғындары! Темір жол үстінен өтетін жолдарда абай болуыңызды, темір жолдың маңында мал бақпауыңызды және темір жол үстімен жүрмеуіңізді өтінеміз. Есіңізде болсын: «Сақтанғанды – құдай да сақтайды».


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика