Интернет трафик бақылауға алынады

Дүниежүзінде болып жатқан саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге байланысты шұғыл істерді қолға алу, бірқатар салада реформалар жүргізу мақсатында Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» атты жоспары бүгінгі қоғамға үлкен өзгерістер легін әкелуде. Ағымдағы жылдың басында қолданысқа енгізілген заңдар соның бір тармағы.

Соның бірі интернет жүйесіне қойылатын шектеулер, интернет трафикке қойылатын талаптар.
Бүгінде интернетті пайдалану үрдісі кең қанат жайып, дамып келеді. Әсіресе, жастар жағы интернеттің бар қырын-сырын жақсы меңгерген. Бұл, әрине, қуанарлық жайт. Десекте, сол ғаламтор жүйесін пайдалану мәдениеті дұрыс қалыптаспаған сыңайлы. Желілердегі небір бассыздық істер, былапыт сөздер, ұсқынсыз суреттер соның айғағы.
Елімізде интернет жүйесін пайдалану шартының осал тұсын байқаған «пысықтар» арам ойларын іске асыру, теріс пиғылдарын насихаттау жұмыстарын жақсы жолға қойып алған. Ең сорақысы ғаламтор желілері арқылы таралып жатқан діни экстремизмді топтардың көптеп көрініс беруі.
Осы жайттардың алдын алу мақсатында елімізде интернет жүйесін пайдалану тұрғысындағы заңдарға бірнеше өзгертулер енгізілді, яғни интернет бақылауға алынған. Бақылау жылдан- жылға күшейіп келеді.
Мұндай қадағалаулар АҚШ, Европа елдерінде әуелден қолға алынған көрінеді. АҚШ-та әлеуметтік желілерді тарататын компаниялардың жүріс-тұрысы қатаң бақылауға алынған көрінеді.
Бұл үрдіс бізде де жалғасып келеді. Аудандық телекоммуникация торабы басшысының міндетін атқарушы Ермек Нұрахметовтың сөзіне сүйенсек, “Байланыс туралы заңға” сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қауіпсіздіктің ұлттық сертификаты іске қосылады – ол Қазақстаннан тыс тарайтын трафикті бақылайтын болады, яғни шетелдіктің ақпараттары бақылауда.
Құзырлы органдар бұл қадам кейбір қауіпсіздікті нығайтып, халықаралық терроризммен және балалар порнографиясымен күресте септігін тигізетінін алға тартады.
Иә, бүгінгі дүрбелең заман етек-жеңнің жинақы болғанын талап етеді. Өйтпеген жағдайда ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпеуіңе кім кепіл!?. Сондықтан жоғары талаптардың қолға алынуын құба-құп дейміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика