Жаңашылдық – заман талабы

c_410_290_16777215_00_images_2016_3_3-2016_7.JPG2015 жылдың 15 қаңтар күні «Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі аудан әкімінің орынбасары Маржан Дүйсенбайқызының қатысуымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Еліміздің инновациялық экономикасының даму барысында орыс тілді ортада қазақ тілін меңгертудің маңызы» атты аудандық семинар болып өтті.

Семинардың басты мақсаты - мұғалімдер арасында бір-бірімен тәжірибе алмасу, педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және заманауи әдістермен, технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға үйрету.
Семинарға аудан мектептерінен 35 мұғалім қатысты. Семинар барысында қазақ тілін оқыту жолдары мен электрондық оқулықтар мен аудио, бейне материалдар арқылы оқыту әдістемесі, функционалды сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмаларды берудің тиімділігі жайлы болды.
Таран ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры А.О.Кафизова өз баяндамасын Қытайдың атақты философы Конфуций айтқан сөзімен бастады: «Егерде маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді (түсіндірілмейді). Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Адамның табиғаты кез-келген жаста тілді үйреніп кетуге бейім екендігін қазіргі ғылым дәлелдеді. 24 жылда қазақ тілін үйрене алмаған Қазақстанның азаматтары мемлекеттік тілді құрметтемейтінін және үйренгісі келмейтінін ашық дәлелдегенін енді бұлтақтамай, шындығын айтуымыз керек. «Бұндай жағдайда қазақ тілін үйрету үшін 25-кадрды пайдалануымыз уақыт күттірмейді -,деп орталықтың әдіскері Э.К.Оразбаева өрбіте кетті. Ақыры қазір бәрі кітап оқығаннан көріністі (кино, клип, мультфильм, бейнероликтер, т.б.) тамашалауға құштар ғой. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану керек. Бұндай тәсілді шетелдерде қолданып жатыр. Ол үшін 25-кадр арқылы үйретудің әдістемесін қолдануымыз қажет. Бұл тәсіл арқылы екі айда тіл үйренуге болатындығын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Яғни тілді ең қысқа уақытта үйренудің жолы осы. Мұның кереметтігі тіл үйренуге барлық жағдайы бола тұрып үйренгісі келмейтіндерді де, қысқасы, бұл көріністерді көрген адамның бәріне үйретіп жібереді. Бұл мәселеде бір мемлекеттің тілін сақтау үшін жеке адамның құқығы дегенді ескеріп жатқан ешқандай мемлекет жоқ. Олардікі дұрыс. Себебі жеке адамның құқығынан гөрі, ұлттың құқығы жоғары тұрғаны дұрыс деп ойлаймын», - деп осы оқулықтың электрондық құралымен бөлісті.
Сонымен қатар, Береговой ОМ мұғалімі Р.С.Әлжанова, Приозерный ОМ мұғалімі А.Ж.Жармұхамбетова мен Валерьян НМ ұстазы Г.Ж.Даушева баяндама оқи отыра, әдіс-тәсілдерімен де бөлісті.
Семинар жұмысы орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың ең түйінді мәселелерін қозғауымен құнды болды.
Семинар соңында сауалнама толтырылып, сабақ сараптамалары жиналып, қазақ тілі мұғалімдеріне қазақ тілінің дамуы бойынша тапсырмалар берілді. Қатысушылар аудандық семинардың мазмұндылығын, өзектілігін, педагогтардың кәсіби шеберліктерін бағалап, жоғары деңгейде өткенін атап өтті.Семинар өз мақсатына жетті.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика