Мықтының мықтылары іріктелді

Жақында 1996-98 жылдары туылған жасөспірімдер арасында (ұлдар-қыздар) дзюдо күресі бойынша облыстық чемпионат өтті. Аймақтың барлық өңірінен жиналған сексеннен астам спортшылар құрама командаға ілігу үшін таласты.

Бұл іріктеу кезеңі болғандықтан, алдағы уақытта өтетін республикалық чемпиоантқа қатысатын спортшылардың есімдері анықталды. Ал, республикалық чемпионат әлем біріншілігіне қатысатын саңлақтарды іріктейді. Тобылдық спорт кешенінің жаттықтырушысы Мейманбек Төлеповтың айтуынша, облыстық спорттық бәсекеде ауданымыздың намысын алты жасөспірім қорғаса, олардың төртеуі жүлделі орынды иемденді. Тыңғылықты даярланған Алишер Бакиров сыннан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанғанын хабарлаймыз. Бұл жеңіс өзге де дзюдо спортшыларына үлгі болып, биік шыңнан көрінуге деген сенімін арттырар деген үміттеміз. Жерлесіміз Сергей Шевцовтың бұл күні бабы келмей, бағы жанбаған болар, ол қанжығасына екінші орынды байлады. Ал, Бекжан Қанаев және Есболат Сәрсен үшінші орынды еншіледі. Барлығына да мадақтамалар табысталған көрінеді.
«Дзюдо күресінің өрендері осы үрдісті жалғастыру мақсатында әлі де көптеген жарыстарға қатысып тұруы тиіс» деген қағиданы ұстанатын жаттықтырушы Мейманбек Төлепов: «Жеңіс үшін таласқа түсу үшін, ең бастысы, адамның ынтасы болуы керек Ал, жаттықтырушы-бапкерлер уақтылы тәрбиеленушілерінің әлсіз тұстарын анықтап,олардың күнделікті жаттығуын қадағалап, түрлі жарыстарға қатысуға мүмкіндік бергені жөн. Себебі,туринирлер мен чемпионаттарда шәкірттеріміз жақсы тәжірибе алмаса алатынын ескеру керек», - дейді өз сөзінде. Осылайша, ынта мен еңбектің арқасында өңіріміздің, еліміздің мәртебесін асқақтатар мықты дзюдошылар шықса игі еді. Жерлестерімізді спорттағы жетістіктерімен, жеңістерімен құттықтай келе, еңбегіңіздің жемісті болуына тілектеспіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика