«Роботты техника» саласын меңгеруде

c_410_290_16777215_00_images_2016_6_Zhanar.JPG«Робот» дегенді теледидардан көзіміз көріп, Жапония, Корея, Қытай елдерінде дамып жатқанын құлағымыз еститін. Ең қызығы, біздің облыста да, тіпті мектептеріміздің бірінде осы саланың, роботтардың мән-жайын меңгеруге арналған арнайы «Роботты техника» үйірмесі ашылыпты.

Оқушылардың техникаға қызығушылықтарының артуына осыдан бір-екі жыл бұрын мектеп қабырғасында пайда болған робот себеп болған көрінеді. № 1 мектептің информатика пәнінің мұғалімі Марат Мырзағазиннің айтуынша, бұл робот облысымыз бойынша екі білім ордасында ғана бар. Бірі - Қостанай қаласындағы техникалық шығармашылық мектебінде, ал екіншісі – аталмыш мектепте екен. Марат ағай роботпен жұмыс істеу принциптерін үйреніп, қыр-сырын меңгеру мақсатымен облыс орталығындағы мектептің мұғалімі Андрей Карпутьпен жүздесіп, тәжірибе алмасыпты. 6-сынып оқушылары «Роботты техника негіздері» үйірмесі барысында осы роботты тәжірибе жүзінде қолданады. Олар ең алдымен ұсақ бөлшектерден жоспарлаған роботты жинақтау керек, кейін компьютердегі арнайы бағдарлама арқылы осы роботтың барлық іс-қимылы жүзеге асырылады. Роботты өзіне сәйкес жасалған моторы қозғалысқа келтіреді.
Біз де өз қолымызбен роботты жинақтап жасап көрдік. Компьютердегі арнайы бағдарлама арқылы роботтың алға, не артқа жүруін, бұрылуын, тоқтауын, уақыт межесін жоспарлап, роботты қозғалысқа келтірдік. Мысалы, бульдозер роботын жинақтау үшін екі-үш сабақты талап етеді. Роботымыз кішілердің де, үлкендердің де барлығын қызықтыратынына куә болдық.
Бұрын естімеген «Роботты техника» саласы біздің аймақта тамырын жайып келе жатқаны – жақсы жаңалықтардың бірі. Сондықтан, роботтармен айналысу ешкімге де кеш емес. Роботты жинақтау – болашақта мектеп оқушыларының техникаға қызығушылығы артып, конструкторлық дағдысының қалыптасуына көмектесері анық.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика