«Мейірімге толы жүрек»

c_410_290_16777215_00_images_2016_7_1_1.jpgБиыл 75 жасқа толып отырған Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім беруінің дамуына қосқан үлесі өте зор.

«Өзін-өзі тану» әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке өзімен және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу.
Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата- анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеуді мақсат еткен Новоильинов орта мектебінің «Өзін-өзі тану » пәнінің мұғалімі Маден Гүлнар Мантайықызының басшылығымен «Мейірімге толы жүрек» онкүндігі өткізілді.
Білікті маман Гүлнар Мантайқызы:«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы бала санасында жақсы мен жаманды, қамқорлық пен қайырымсыздықты т.б өмір түсініктерін айыра білетін, өзін тану арқылы өзгені танитын,сол арқылы бүкіл әлемді танитын көкірегі ояу, шығармашылық ойы дамыған, жарқын өмірді қалайтын саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз. Олай болса, ұлттық тарихымызбен үйлесім тапқан осы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы - болашақ бағдарламасы деп айтуға болады» деді бізге берген сұхбатында.
Психологиялқ онкүндік барысында оқушылармен түрлі іс-шаралар өткізілді: тақырыптық тәрбие сағаттар, суретшілер сайысы, көркем туындыны оқу, сахналық қойылымдар көрсетілді.
Көрнекті кеңес педагогі В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере берсек,ол бала дәл солай бола алады...» дейді.
Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!
Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп,оның жүрегіне адамдық асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат тағдырының біз ойлағандай деңгейде болатыны сөзсіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика