Көкейтесті мәселе төңірегінде…

c_410_290_16777215_00_images_2016_11_DSC_002111.JPGӨткен аптада жастардың әлеуметтік мінез-құлқын, ана болу бақытын насихаттау мақсатымен Жастар ресурстық орталығы мен Аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен танымдық, тәрбиелік маңызы зор іс-шара өтті. Жастар қауымының қатысуымен өткен кездесуге арнайы аудан орталығының тұрғыны, «Алтын алқа» төсбелгісінің иесі Маржанкүл Абдрахманова шақырылды.

Өкінішке орай, елімізде баласынан безген «көкек» аналар көбейіп барады. Соңғы кездері республика көлемінде дәл осындай жағдайлар әр жерден жиі естіліп жатады. Туа салысымен далада, қоқыста қалған нәрестелердің басым бөлігі жарық дүниенің қызығын көрмей жатып, о дүниеге аттануда. Осы орайда, ұйымдастырушылар тастанды нәрестені ит сүйреп әкелетін күйге жеткенімізді айқындайтын бейнероликтерді ұсынып, аталмыш тақырыпты талқыға салды. Шыны керек, оқта-текте айтылып жүрген деректер жаға ұстатарлық. Он баланың анасы атанған Маржанкүл әженің пікірінше, бұл – ойлантарлық мәселе. «Ұлдан ұят, қыздан – қылық кетіп бара жатқан заман-ай» дейсің күрсініп осындайда. «Халқымыз ертеден желкілдеп өскен баласының тәрбиесіне баса назар аударған. Қызының жөн-жосықсыз жүруіне қатаң тыйым салған. Мұны «қызға қырық үйден тыйым» деген тәсілді естен шығарып алғанымыздың нәтижесі деп білемін», - дейді ақ жаулықты анамыз.
Соңғы уақытта балаларын көшеге, қоқыс жәшігіне, дәретханаға тастап кететін аналар қатары көбейіп кеткендіктен, ғаламтор желісінде «қолданысқа баласынан бас тартқан аналарға арналған арнайы қораптар енуі мүмкін» деген ақпарат таралуда. Осыған қатысты пікірлер де айтылды. Ойын ортаға салғандардың бірі «Кінәсіз сәбилерді бұлай тастап кеткеннен гөрі, балалар жәшігіне қалдырған әлдеқайда тиімді. Осылайша, балалар қорабында қалдырылған сәбиді балалар үйіне немесе асырап алам деушілерге беру мүмкіндігі туады.Оларды көшеге тастағаннан гөрі, мемлекет қарамағына тапсырған әлдеқайда жақсы» деп есептесе, енді бірі мұнымен үзілді-кесілді келіспейтінін алға тартты. Осынау қызу әңгімеден кейін барлығы да бір адамдай орталық алаңдағы «Ана мен бала» монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Тастанды тағдыр тауқыметін кешудің алдын алуда осындай басқосулардың маңызы зор екендігін атап өту керек.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика