Көрші ақысы – тәңір хақысы

c_410_290_16777215_00_images_2016_13_Careers-900-wide.jpgӨмірімізде күнбе – күн, жүзбе – жүз кездесіп, туыс – туғаныңнан артық амандық – саулық сұрасып, әлемнің бір нүктесіндегі ортақ қоныста қоян – қолтық араласып, шүйіркелесе, бір кесе шай ішетін жанымызға жақын жандар бар.

Қазақта оны «Құдай қосқан көршім» дейді. Басқа іс түссе, қысылтаяңда, алыс – берісте, көмек пен жәрдем, қуаныш пен қайғыда, тіпті, атқан таң мен батқан кеште де бірінші куәгер болатын да – көрші. Сондықтан да «Адамның күні – адаммен» дегендей, көрші ақысын бір адамдар біледі, бірі білмейді. Дініміз көрші ақысына барша ақылардың ішінде жоғары дәрежеде қатты көңіл бөлген. Сондықтан, көршімен жақсы тұру – Алланың әмірі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Маған Жебірейіл періште келіп, көрші ақысы туралы насихат берді. Көршімен тату бол дегенді қайта – қайта ескертті. Тіпті, ол менің дүниеме мирасқор бола ма екен деп те ойладым» дегені бар. Жебірейіл періштенің сөзіне қатты көңіл бөлген Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Кімде-кім Аллаһқа және ақырет күніне сенетін болса, көршісіне жақсылық жасасын, ренжітпесін» деп өсиет етсе, «Көршісі аш отырып, өзі тоқ отырған мұсылман емес» деп тағы айтады. Осыған қарағанда, көрші ақысы ата – ана ақысымен тең десек, кем болмас. Сол себептен де болар, ұлы қазақ халқы қыл заманнан «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деп, көршісімен тату болған. Тіпті, дауысы жеткен жердегі ауылды көрші еткен. Жырау бабаларымыз: «Ағайынның аты озғанша, көршінің тайы озсын» деп жырлаған. Сондықтан, көрші ақысы қияметте Алланың құзырында ата – ана ақысынан кейінгі тергелетін ұлық ақылар екендігін тағы да басып айтамын. Дініміз «Көршімен тату болу» деген ұғым аясында ұлты, сенімі, нәсілі, байлығы, лауазымы, атақ – дәрежесіне қарамастан сыйласу қажеттілігін бұйырады.
Саңлақ сахаба Ибн Аббастың шәкірті ұлық табиғин, ғалым хазіреті Хасан әл – Басридің имансыз бір көршісі өмір бойына оған жамандық жасап өтті. Көршісінен көрген қорлықтарына еш қарсы келместен ол шыдай білді. Күндердің бір күнінде көршісі үйінен шықпай қалды. Оның ауырғанын естіп, көңілін сұрауға үйіне кірді. Бұған таңқалған әлгі көршісі: «Мен өмір бойы саған жамандық жасаумен болдым. Солай бола тұрса да маған не үшін келдің?» – деп сұрайды. Сонда: «Менің дінім көршімен жақсы болуды бұйырады» – деген екен. Сонда ол: «Онда сенің дінің хақ екен, мен сенің дініңе кірсем, Жаратқан менің күнәларымды кешіріп, жарылқап, жәннеттен орын бере ме? – деп сұрайды. Сонда: «Егер тіліңді кәлимаға келтірсең, яғни «Лә иләһа илла аллаһ, Мухамадур Расул Аллаһ» десең, онда орның жәннет болады», – дейді. Көршісі: «Сен оған кепіл болып, маған қағаз жазып, дүниеден өтсем, ақ кебін ішінде оң қолыма ұстат», – деп өсиет етті. Сөйтіп, көршісі екі – үш күнде дүниеден өтеді. Әлгі айтқан «Жәннетке барасың» деген кепіл қағазын Хасан әл – Басри өсиет бойынша орындап, кейінірек, бұған өзі қатты қиналады. Себебі, Алланың қалауы болған жәннетіне біреуге «барасың» деп уәде беру қаншалықты күпір екендігіне қайғырады. Сол түні жатып түс көреді. Әлгі көршісінің рухы келіп: «Қияметтік көршім болған Хасан әл – Басри! Саған Алла разы болсын! Сенің себебіңмен мен мұсылман болдым. Алла жәннеттен жәй берді. Жаратқан ниетке қарап, қағазға қарамайды екен. Мә, мынау кепілдік қағазыңды өзің ал!» – дейді. Ұйқысынан оянса, әлгі қабірде, кебіннің ішіндегі мәйіттің оң қолына ұстатқан қағаз қолында болып оянады. Осыған ұқсас оқиға Хазірет Әли (ғ.с.) сахабаның басынан да өткен еді…
Көршімен тату болу, әрі олармен жақсы қарым – қатынаста бола білу – мұсылмандықтың белгісі және Алланың сыны. Иманды көршің болса – сырласың, имансыз көршің болса – қу басың. Қандай да бір көршіңе ас – суыңмен ықылас білдірсең, иманы оянар. Өзің тояттанғанша, кедей көршіңе бір асым ет бер. Ал, «Отты шұқысаң өшеді, көршіні шұқысаң көшеді» дегендей, көршінің жамандығы болса төзіп, қиянаты болса, сабырлық еткен дұрыс. Негізі, жаман көрші болмайды. «Өз – өзіңе бекем бол, көршіңді ұры тұтпа» деген аталарымыздың сөзі бар емес пе? Көрші көршімен күнде көріссе де, ғасырлап көріспеген адамдай сыйласу керек. Ал, бір көршіні бір көршіге жамандау, ренжіту, көңіліне келу, сұрағанын бермеу, өтінішін орындамау – жақсылық емес. Себебі, «Көршіні саңырау деме, құлағы шалынар» деген сөз бар. Сондықтан, «Көршінің итін ұрғаның, өзін ұрғанмен тең» дегенде, көршімен жоғары деңгейде сыйласуды меңзейді.
Бір сахаба пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) келіп: «Менің жақсы – жамандығымның бағасын кім береді?» – деп сұрағанда, «Көршің!» – деп жауап қайырған еді. Ең бастысы, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жауабына назар аударсаңыздар, мұсылман, жақсы, ибалы, зиялы, сыйласқан деген сөздерді қоспастан, жәй ғана «Көршің» деуінде үлкен мағына бар. Бүгінде көршімізден «Жақсымын ба яки жаманмын ба?» деп сұрай аламыз ба, болмаса көрші таңдаймыз ба?
Кейбір ұлттарда көшені /махалля/ дейді. Сол махаллядағы, яғни көше бойындағы бай қуатты адамдар жоқ – жітік көршілерді қамқорлығына алады. Тіпті, су, жарық, тағы да басқа шығындарын өтеуге жәрдем береді. Ал, құдайы ас беретін болса, әуелі сол жоқ – жітіктерге дәм береді, не болмаса, қонақ кәденің дәмінен бірінші сол көршілерге үлестіреді. Бізде де осы жағдайларды ел ағалары, сыйлы ақсақалдар қолға алса, жақсы болар еді… .
Адам дүниеден өткен яғни қайтыс болған үйден ас ішілмейтін жағдайда, көршінің үйінде қонақасы дәмін ішуге болады. Ал, бүгінде көршімізбен ренжісіп қалған жағдайда, үйінде дәм ішілмек түгілі, тіпті, қайтқанына қуанатын жағдай кездеседі. Саналы көршің сараламас, бірақ кей кездерде санасыз көрші арасы түсініспей, бірімен – бірі айқайласып, тіпті, жұдырықтасып, бірінің есігін бірі ашпай жататындар да кездеседі. Көршіміздің барына тәубеде болу керек. Әлбетте, салиқалы әйел, жақсы перзенттер, адал достар, сенімді көлік, сыйлы көрші – Жаратқанның нығметтері. Сондықтан, міндетті түрде көрші ақысын білген жөн. Біріншіден, көршіңе көрген жерде бірінші болып амандас. Екіншіден, сыпайы мінез таныт. Үшіншіден, әрдайым жақсылық жаса. Төртіншіден, қуанышына ортақтас. Бесіншіден, қайғысын бөліс. Алтыншыдан, науқастанса, хал – жағдайын сұра. Жетіншіден, алыс жол сапарға шықса, үй – іші мен мал – жанына бас – көз болып, қорған бол. Міне, осындай жеті көршің болып, сол жеті көрші ақысының сауабын жетпіс көрші ақысының сауабына ұласары сөзсіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Аллаһ есебінде достардың ең жақсысы – досыңа ең қайырлы, пайдалы болғаны. Аллаһ есебінде көршілердің ең жақсысы – көршілеріңе ең қайырлы болғаны» деген. Жоғарыда айтылған дүние нығметтерінен жақсы көрші – ырыстың басы болса, сол ырысымыз тасып, көршімізбен сыйласып өтейік. Жәннетте салиқалы көршілермен бірге болуға Ала тағала нәсіп етсін!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика