Жас кәсіпкер

«Тәуелсіз еліміздің жастары қоғамның айнасы іспетті. Себебі, жастардың атқарған қызметі арқылы елдің болашағын болжай аламыз» деген еді алдыңғы толқынды ағалар. Бүгінде сол мүддеден шығып, елдің алғысын алып жүрген жас кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді. Оның үстіне елімізде кәсіп ашамын деген жастарға жан-жақты қолдау білдіріледі. Сондай қолдауға ие болған жастардың бірі, ауданымыздың жас кәсіпкері Ертарғын Бұқарбаев.

Ертарғын Жүсіпбекұлы - бүгінде азық-түлік, жеміс-жидек, тұрмыстық заттар сатуға арналған ауқымды «Ертарғын» дүкенінің иесі. Алдымен әңгімені әріректен бастасақ...
Ертарғын Өзбекстан елінде туған. 2002 жылы ата-анасымен ата-жұрты Қазақстанға қоныс аударып, Тараз қаласында мектеп табалдырығын аттаған. 2005 жылы ауданымызға қарасты Набережный ауылына қоныстанды.
-Орта мектепті тәмамдаған соң Қостанайды бетке алдым. Ол кезде жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік болмады. Сосын Қостанай экономикалық колледжін «маркентинг және бизнес бағыты» бойынша оқып, дипломын алдым. Мен осы оқу орнын бітіргеніме әлі күнге дейін қуанамын. Дәл қазіргі уақытта пайдасын көріп жатырмын.
Мен оқуға кеткен кезде ағам Ерасыл Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен болатын. 2013 жылы мен оқу бітірдім, ағам әскерден келді.

 


2014 жылы отбасымен ақылдасып, ағамыз екеуміз кәсіпке бет бұрдық. Алдыменен неге мал шаруашылығымен айналыспасқа деп ойладық. Өйткені бұл менің жаныма жақын әрі өзім бұл кәсіппен қызығып айналысатынымды білдім. Сөйтіп, ағам «Бұқарбаев» шаруа қожалығын рәсімдеді.
Әрине, жаңа істі бастағанда жүрексіну деген болады ғой. Бірақ, соны жеңе білу – әркімнің өз қолында. Ең бастысы, біз өзімізге сенімді болдық. Сөйтіп, үйді, қолдағы малды кепілге қойып, несие алдық, оған ірі, ұсақ мал, жылқы сатып алдық. Осылай шаруашылықты ақырындап дөңгелетіп келеміз. Анам Гүлбану тігіншілікпен айналысады.
Уақыт өте кәсібімді кеңейткім келіп, ауыл әкімі Талғат ағамызбен ақылдасып, ол кісіден қолдау тауып , сауда дүкенін аштым, - дейді кәсіпкер.
Нәпақасын күнделікті еңбегімен тауып жүрген Ертарғынның пайымдауынша, кәсібің дөңгеленіп, ілгері басуы үшін ең алдымен, кәсібің өзіңе ұнауы керек. - Бар ынтаңмен сүйіп жасасаң, ісің ілгері басады, әрине. Ең бастысы, тұтынушының талғамына қарап, тауарыңды шын ниетіңмен өткізе білсең, оны сатып алып тұрған адам сезінеді. Мен көбіне тауардың бағасы сапасына сай болуына көп мән берем, - деп тұжырымдайды Е.Жүсіпбекұлы. Жалпы, сауда нарығындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейде болатыны белгілі. Осы орайда жас кәсіпкер өз ойын былай жеткізеді:
- Негізі ауылымызда халық көп. Жастар да баршылық. Біздің дүкенде спирттік ішімдік сатылмайды. Дүкенде жастарға барлық жағдайлар жасалаған. Онда интернет, теледидар орнатылған. Күн жылына дүкен ауласына жастарға арнап ойын-сауық алаңын құрмақпын.
Тағы бір жаңалығым, наубайхана ашпақпын. Қазіргі күні тапсырыспен берілген пешті күтіп отырмыз. Сол қолға тиісімен іске кірісеміз.
Негізі жастар «жұмыс жоқ» деп отырмаулары керек. Қазір «кәсіп ашам деушілерге» көп жағдай жасалып жатыр. Ең бастысы, қорықпай, алға ұмтыла берсең, кәсіп ашудың көптеген жолдары табылады. Оның үстіне біз - жастар нағыз ақпарат заманында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан бос жатқанша, іздене беру керек сияқты.
Ертарғын бала кезінен спортпен айналысып келеді. «Спорт адамның ойлау қабілетін дамытады, тың ойлар пайда болады» - дейді ол.
Жас кәсіпкердің бүгінгі қадамы ауылдың жағдайын жақсартуға, көркейтуге қосып жатқан өзіндік үлесі деп білеміз. Бұл игі істер көпшілік жастарға үлгі болады деп сенеміз!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика