«Сәт» тобына қолдау білдірейік

c_410_290_16777215_00_images_2016_15_15-2016-19.jpgГазетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай сәуір айының 15 күні, яғни осы жұмада аудандық мәдениет үйінде «Сәт» тобы концерт қояды. Көпшілікке түсінікті болу үшін, ғаламтордағы бар мәліметті пайдалана отырып, «Сәт» тобы туралы ақпарат беруді жөн санадық.

Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатында білім алады. Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан музыка пәнінің мұғалімі, топтың қазіргі музыкалық жетекшісі Тамара Шілдерханова.
Жеткіншектердің ең жақын адамына айналған ұстаз шәкірттерінің бойындағы қарым-қабілетті дамытып, «СӘТ» триосы дүниеге келеді.
– Жанарлары көрмесе де, олардың есте сақтау қабілеті өте мықты дамыған. Керемет!.. Әнді лезде жаттап алады. Дауыстары ерекше, таза. Басында сәл қысылатын еді, қазір ашылып келеді. Азатымыз еті тірі, сәл еркелеу. Тұрар баламыз момындау. Сапарбай салмақты. Үшеуінің де арманы бір – ән айту. Сахнаға шыққан сайын шаттанады. Бұлар тума талант иелері, – дейді Тамара Шілдерханова.
Туа бітті көз жанарынан айрылған жас әншілер жайлы естіп, кездескенде олардың өнеріне тәнті болған Нұржан Қожабеков жеткіншектерге қолдау танытып, олардың продюсері атанады.
Арада аз уақыт өткенде «СӘТ» тобының сәтті бастамасын ел біле бастайды. Алғашқы туынды – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Көнеміз ғой...» әні бойынша бейнеклип түсіріледі. Оның сценарийі осы топтың мүшесі Азаттың тағдырынан алынған.
Дүниеге жаңа келген нәрестесін анасының қарауында қалдырған әйел, жылдар өтсе де сәбиінің маңдайынан бір иіскемеген. Немересін бауырына басқан кейуана ол жеті жасқа келгенде, оны асырай алмай, жетімдер үйіне өзі жетектеп алып келеді.
Тағдыр тәлкегіне түскен жас баланың басындағы қиындық, өмірге деген реніші мен төгілген сәби жасы туындыға арқау болады. «Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде..» деген сөздермен басталатын жаңа ән жергілікті телеарналардан берілген күннен бастап-ақ дарынды жеткіншектер ел аузында.
Бүгінде топта екі жігіт ән салады. Тұрар өнердегі жолына демалыс жариялаған.
Алты жастан бастап тай құлындай тебісіп өскен жігіттер бірнеше мәрте республикалық өнер фестивалінде топ жарып, талайды мойындатты. Мойындатып қана қоймай, тағдырдың теперішіне тап келген талай жанға мойымау керектігін ұғындырды.
Бүгінде «Сәттің» шығармашылық шегі өскен. Қызығушылықтары мен армандары да ұлғайған. «Сәт» тобының жаңарған репертуарындағы жаңа әндердің авторлары Сапарбай мен Азаттың өздері. Сөзін де, әнін де жүректерінен жарып шығарып жүр. Олардың бірнеше жаңа әндері, бейнеклиптері бар. Бүгінде «Сәттің» репертуарындағы «Қош, махаббат!», «Сүйіктіме» сынды әндер жігіттердің төл туындылары.
Жігіттердің жетістіктері де аз емес. 2008 жылдан басталған жүлделер тізбегі Астанада өткен республикалық байқаудан басталып, Санкт-Петербор қаласында өткен, 11 мемлекет әншілері сайысқа түскен байқауда үздік атанған. 2009 жылы, 2011 жылы «Самғау» ұлттық сыйлығының иесі, 2011 жылы «Ең үздік орындаушы» атағына лайық деп танылған.
РФ Еңбек сіңірген әртісі Диана Гурцкаяның ұйымдастыруымен өткен «Белая трость.Без границ» атты зағип балалардың халықаралық қайырымдылық фестивалінде «Сәттің» жігіттері тамаша өнер көрсеткен. Мәскеу сахнасында Лариса Долина, Игорь Николаев, Дмитрий Маликовтармен бірге ән шырқаған.
Ендеше, өнердегі өрісі кеңейіп келе жатқан «Сәт» тобына біздер де қолдау көрсетейік, ағайын!
«Сәт» тобының концерті 15 сәуір күні, сағат 15-00-де аудандық «Ұшқын» мәдениет үйінде өтеді. Билет құны 500 теңге. Қосымша ақпаратты мына телефон нөмірінен біле аласыздар: 3-66-02.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика