Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі дамып келеді

c_410_290_16777215_00_images_2016_15_15-2016-14.jpgБылтырғы жылдан бері Кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы орган өкілдерінің жүргізген түсіндірме жұмыстарының негізінде аудан бойынша 8 ауылшаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Бұл туралы аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілдері хабарлады.

2015 жылғы 29 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» заңға қол қойған болатын. Аталмыш заң түрлі ауылшаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестіктері үшін негізді қамтамасыз етеді. Заң Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жүзеге асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтары қызметін кешенді түрде реттеуге бағытталған.
Жаңа заңда жеке меншік қосалқы шаруашылықтарды асыл тұқымды ірі қара малды қайта құруға тарту арқылы ауылшаруашылық ет кооперативін құру жөніндегі бағдарлама қарастырылған. Бүгінгі күні аудандық кәсіпкерлер палатасы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, ауылшаруашылығы бөлімі «Ауылшаруашылық кооперативтері туралы» заңды түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.
Бірлесіп бас қосып, кооперативтер құру заман талабы. «Қазіргі кез жұмыла еңбек ететіндердің заманына айналуда. «Жалғыздың үні шықпас» дегендей, кәсіпкерлер үшін де мәселемен жалғыз айналысқаннан гөрі, бірлесе шешкен тиімді болуда»,- дейді мамандар.
Былтырғы жылы «Журавлев», «Луговое АГРО» «Успешное» «Аят» сынды 4 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылса, биыл жыл басынан бері «Жаппас», «Галина», «Васима», «Қанағат» кооперативтері тіркелді.
Өз кезегінде кәсіпкерлер ұсақ шаруа қожалығын ірілендіру арқылы мемлекеттен техникаға, тыңайтқыштарға, асыл тұқымды мал өсіруге, несие алуға жеңілдіктер болатынын біледі.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика