Жас өрт сөндірушілер

c_410_290_16777215_00_images_2016_18_18-2016-15.jpgЖер шарында мамандықтар мен кәсіптер көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі мен жауапкершілігі бар. Соның бірі – өрт сөндіруші мамандығы.


Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу кемшілік етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді.

Бақтияр Абенов пен Төлеген Салимов асқан жауапкершілікті талап ететін осы мамандықты таңдапты.
Бақтияр Ашимович Қамысты ауданының тумасы. 2000 жылы ауданға қарасты Евгенов ауылына қоныс аударған. 9 сыныпты тәмамдаған соң, Қостанай қаласында әлеуметтік-техникалық колледжін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2014 жылы Ақтөбе қаласында Отан алдындағы борышын өтеп келді.
Төлеген Бейбитжанович Таран селосында туып, Б.Майлин атындағы білім ордасында оқыды. Орта мектептен кейін, заң колледжінде білімін жалғастырды. Төлеген де 2014 жылы Павлодар қаласында әскер қатарында болып келді.
Жиырмадан енді асып бара жатқан қос жас маман биылғы жылдың наурыз айында аудандық өрт сөндіру бөліміне келген екен. Олар қызметтің алғашқы сатысы іс-тәжірибеден өтті, енді арнайы екі жарым айлық оқуға жіберіледі.
- Өрт сөндіруші күрделі мамандық саналады. Үміткерлерге қойылатын талап та жоғары. Қызметке жасы отызға дейінгі жігіттер алынады. Өрт сөндіруші болғысы келген адам міндетті түрде әскер қата¬рында азаматтық борышын өтеген болуы керек екен. Облыс бойынша конкурсқа жүзден артық үміткер қатысса, соның 27 ғана өттік. Бүгінгі таңда арнайы оқуға кетіп бара жатырмыз. Содан кейін шынайы жұмыстар басталады, - дейді, жас өрт сөндірушілер Бақтияр мен Төлеген.
«Өрт сөндіруші-құтқарушы – ерлердің мамандығы». Онда ең бастысы – төзімділік және өзін-өзі ұстау. Өрт сөндіруші болу оңай емес. Бұл мамандықты тек рухы биік, нағыз шеберлер ғана атқара алады. Ендеше, жас өрт сөндірушілерге «іске сәт» деп тілек білдіреміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика