Мектеп мәселелерінің төңірегінде...

Форманың қандай үлгісін таңдайсыз?

Егер өткенге көз жүгіртетін болсақ, мектеп формасы Кеңес Одағы кезінде бірден көзге түсіп, ерекше көрініп тұратын. Жалпы, еліміздегі мектеп шәкірттерінің киім үлгісінің тарихына үңілсек, алғашқы кезде мектеп формасы деген ұғым болмаған десе де болады. Ал, қазіргі таңда оқу мекемелерінің жиналыстарында «мектеп формасының қандай үлгісіне таңдау жасаймыз?» деген сауал талқыға салынатын болды.

 

Бүгінде елімізде мектеп оқушылары қызыл-қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүретін болды. «Біздің кезімізде қыз балалар мереке күндері қоңыр-қара түсті көйлектермен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін» дейді аға-әпкелеріміз. Ал, қазір қалаларда кәсіби мамандардың көмегіне жүгінетін ата-аналар қауымы заман ағымына сай форманың түрлі киім үлгілерін тіктіртетін болған. Осы ретте,өңіріміздің санаулы мектептерінде мектеп формасының заманауи үлгілеріне қатысты жиналыстар ұйымдастырылды. Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің оқушыларының ата-аналарының басым бөлігі үйреншікті форма үлгісін қалдыруды жөн санайды. Себебі, тігін өндірісінің қызметі қазіргі нарық заманында арзанға түспейді. Мысалы, мектеп формасының үлгілерін ұсынған Лисаков қаласының кәсіби мамандары кем дегенде 15 мыңға бағалауда. «Ашығын айтқанда, бұл соманың өзін әркімнің қалтасы көтере бермейді. Ал, жанұяда бір емес, бірнеше оқушы бала болса ше? Оған қоса, бала өседі, яғни әлгі форманы жыл сайын тіктіру керек. Сондықтан, өз басым мектеп формасының жаңа үлгісін тіктіртуге қарсымын», - дейді Нұргүл Бельгибаева. Аталмыш мәселені көтерген Тобыл орта мектебінің қатысушыларының ата-аналары да осындай пікірде. Олар да жаңа киім үлгісін құптағанмен, бағаның қымбат екендігін алға тартады.
Жалпы, мектеп формасы оқушының қоғамдағы өзіндік дәрежесін көрсетіп тұрады. Мемлекетіміздің Білім Заңы бойынша мектеп оқушыларының киім үлгілерінің қандай болатынын білім ордаларының басшылары ата-аналармен бірлесіп шешеді. Тобыл орта мектебінің мұғалімі Ерболат Зейнелов:«Иә, өз шәкірттеріне мектебінің бет-бейнесін айқындап тұратын білім ошақтары жоқ емес, бар. Тек, алдағы уақытта ол бәсекеге айналып кетпесе игі», - деген ойда.
Егер «адам көркі – шүберек» дейтін болсақ, бүгінгі мектеп қабырғасындағы шәкірттердің ажарына сән беріп, қоғамдағы орнын айқындап тұратын оқушылардың киім үлгілерінің бірдей болғаны жақсы. Мектеп әкімшілігі оқушылардан ғана талап етпей, мұғалімдердің де біркелкі, яғни классикалық үлгіде киінуіне назар аударса дейміз.

 

Демеушілердің жәрдемі қажет!

Мектептерде оқу жылы аяқталысымен, жаңа оқу жылы қарсаңында жөндеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Бірақ, сол жөндеу жұмыстарының кімнің қаражаты есебінен жүргізілетінін әр мектеп өзінше шешетін тұстары болады. Осы орайда, «Білім ордаларының жөндеу жұмыстарына қаржы бөліне ме және ол жұмыстарды кімдер атқаруы керек?» деген сауал туындайды.
Аудандық білім беру бөлімінің мамандарының мәліметіне сүйенсек, биыл күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік қаражат Новоильин орта мектебіне бөлінеді деп жоспарлануда. Жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша оны кімнің атқаратыны және қашан кірісетіні белгілі болады. Ал, өзге мектептерге демеушілердің көмегіне жүгінуге тура келеді.
№ 1 орта мектептің директоры Аслан Мәдібаевтың айтуынша, сыныптардағы жөндеу жұмыстары , әдеттегідей, ата-аналардың, ұжымның күшімен іске асады. Дәліздердегі ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалталы азаматтардан көмек сұрауға тура келеді. «Мектеп қоғамдық орын болғандықтан, оның жөндеу жұмыстарына жалпы жұртшылық болып атсалысқанымыз жөн тәрізді. Балалары білім алып, тәрбиеленетін білім ошағының мұндай жұмыстарына ата-аналар да қарап қалмасы анық. Аллаға шүкір, биыл сөзімізді жерге тастамай, қол ұшын берген Валерьян ауылының тумасы төбе жабындысын жөндеп, бірнеше қазан сатып алуға қаржылай көмектесті.Аз уақыттың ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Ауылдықтардың атынан сол кісіге алғысымды білдіремін.Демеуші боламын деген осындай жомарт азаматтар елді-мекендердегі мектептердің жөндеу жұмыстарына атсалысса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз», - дейді Валерьян ауылының мектеп директоры Айнаш Даданова.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика