Жеңісің құтты болсын, Арғынбек!

c_410_290_16777215_00_images_2016_22_020620166.jpgМамырдың 24-і Жамбыл облысында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Алтынбек Қоразбаев әндерінің байқауы өтті. Аталмыш айтулы ән додасы қалай өтті және осынау үлкен сахнада өнер көрсеткен өңіріміздің өнерпазы биік шыңнан көрінді ме? Сонымен...

Сырлы әндерімен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаевтың «Үш қоңыр», «Айхай-25», «Сағындым Алматымды», «Қара шал» және басқа да көптеген әндері халық арасында кең таралған десе де болады. Елінің сүйікті тұлғасына айналған жанның өзінен кейін сандаған шәкірттеріне әкелік қамқорлық жасап, өнерге баулығаны жайлы көпшілік білетін болар. Мейрамбек Беспаев, Тоқтар Серіков сынды шәкірттері бүгінде сыйлы да, кәсіби өнер майталмандарының бірі болып табылады. Енді, міне, осы кісінің құрметіне Халықаралық ән байқауы ұйымдастырылуда. Толығырақ байқау қатысушысы, куәгері Арғынбек Бейбітхан әңгімелеп берсін...
«Байқау шарты бойынша үміткерлер өз орындауындағы сазгердің екі әнін және жеке репертуарындағы кез-келген әнді бейнетаспаға түсіріп, жіберуі тиіс еді. Мен де «тәуекел» деп, Алтынбек Қоразбаевтың «Елге сәлем», «Қызым, саған айтамын» және өзімнің ән қоржынымдағы «Молдабайдың әні» туындыларын жібердім. Осылайша, іріктеу кезеңінен өттім. Шынымды айтсам, осы күнге дейін Халықаралық байқауға қатысқан емеспін. Жуалы ауданында өткен байқауға Моңғолия, Қырғызстаннан арнайы келген мықты орындаушылар келді. Үміткерлердің арасында Нұрболат Абдуллин, Тұрар Әлменов сынды танымал әншілер мен кәсіби деңгейдегі «Гаухартас», «Voice» квартеттері де болды. Әлбетте, үлкен сахнаның өнер иелерімен додаға түсу мен үшін үлкен мәртебе. Қазақстанның халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Әл-таразидің төрағалығымен қазылық жасаған Саят Медеуов, Алтын Махамбетов сияқты әншілердің алдында өнер көрсеткеніме Аллаға ризамын. Небір байқауда ойдағыдай ән шырқау үшін дайындық үстінде екі жүз пайызға дайындалсаң, ән додасында жүз пайызға орындайтынына тағы бір мәрте көз жеткіздім. Себебі, бойыңа әбден сіңбеген материал шикі болады. Шамалы қобалжу болғанмен, вокалдық шеберлігімді көрсетуге тырыстым», - дейді Тарандық дәстүрлі әндердің орындаушысы, ұлттық аспаптар ансамблінің жетекшісі Арғынбек Бейбітхан. Диапазоны кең, халық әндеріне ынтық өнерпазымыз ауданымыздың ғана емес, облысымыздың туын желбіретті. Жерлестерімізден сүйінші сұрай отырып, Арғынбектің жүлделі үшінші орынды иемденгенін қуана-қуана хабарлаймыз. Байқау нәтижесінде дес бермейтін жүлдегерлердің қатарынан көрінген өнер иесі дипломмен, қомақты ақшамен марапатталып, Қазақстан эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертте «Музарт» тобымен, Алтынбек Қоразбаевпен бірге ән орындау мүмкіндігіне ие болды. Естеріңізге сала кетейік, жамбылдықтарды вокалымен тәнті қылған Арғынбек осыдан бірнеше жыл бұрын облыстық термешілер сайысында бас жүлдені жеңіп алып, Би-ағамыздың туған жерінің мәртебесін асқақтатқан еді. Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған ерекше ескерткіштерді, Айша бибі, Қарахан кесенелерін, көне Тараздың орнын, жалпы тарихи жерлерді көріп, сол өлкенің табиғатына тамсанып, қонақжайлық таныта білетін халқына алғысы шексіз Арғынбек ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғандығын атап өтті. Алтынбек Қоразбаев атындағы 2-ші Халықаралық «Ән-жырым саған, туған ел!» атты ән конкурсында үздік өнер көрсеткен серіміздің жеңісі құтты болсын демекпіз! Мақтауға лайық орындаушыларымыздың бірі болып табылатын Арғынбекке жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика