Тәжірибелі бағбан кеңестері

c_410_290_16777215_00_images_2017_20_20-2017-10.jpgКүннің атысынан кештің батысына дейін бағбандардың қызу еңбек ететін кезеңі басталды. Бүгін, біз Сіздерді бау-бақшаны күтіп-баптауда ерекше құлшыныспен айналысатын жерлесіміз — ​Валентина Изгейммен таныстырмақпыз.

Дала жұмыстары қызған шақта бағбандардың да үйде отырмасы анық.Кейіпкеріміз де қазір үйден гөрі көбіне саяжайдан табылады. Үйіне келген қонақтарды ол бірінші бақшасына апарады. Біз барған кезде де, ол әдеттегідей, бақшадағы жұмыстармен айналысып жүрген күйінде күтіп алды.
Валентина Изгейм — ​зейнеткер. Отыз жылдан аса уақыт ауданымыздың АҚ «Қазақтелеком» бөлімінде қызмет атқарған. Қазіргі кезде, бар бос уақытын немерелері мен отбасына арнауда. Табиғат аясында демалып, серуендеуді жақсы көретін кейіпкеріміз бос уақытының көп бөлігін бақшасында өткізетіні жайлы айтты. Бау-бақшаны күтіп-баптауда тәжірибесі мол бағбан өзінің сүйікті ісімен айналысқанына дән риза.
Қазіргі таңда бақшасында көкөністің бірнеше түрі отырғызылған. Картоп, сарымсақ, пияз, сәбіз, баклажан, қызылша секілді көкөністер бар. Сонымен қатар, шие, бүрген ағаштарын ерекше күтімге алған. Кейіпкеріміздің айтуынша, кез-келген отырғызылған дақыл ерекше күтімді талап етеді. Әсіресе, жеміс ағаштары гүлдемей тұрғанда тозаңдандыру жұмыстарын жүргізу керек. Бағбан күкірт қышқылды тұзбен әкті араластырып, жеміс ағаштарына бүркеді. Ағаштардың өсіп-дамуына жағдай жасап, түрлі зиянкестермен күресуде алдын алудың маңызы зор екенін де тілге тиек етті. Бағбанның айтуынша, гүлдер мен ағаштардың жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр беру қажет.
«Еңбегіңнің жемісін көргің келсе, тынымсыз жұмыс істеуің керек. Әрбір берекелі іс еңбекпен келеді. Aдам қандай жаста болса да, өзінің адал еңбегімен нан табуы тиіс. Менің жасым қазір 57-де. «Алма піс, аузыма түс» деп отырғанша, қуатымның барында бау-бақша өсіріп, немере-жиендеріме өзімнің білгенімді үйретсем деймін.Жұбайым Петр Робертович те күні бойы жұмыста болса да, маған көмектесіп, қолғабыс етеді. Өзімнің сүйікті ісіммен шұғылданып, ұрпағыммен бақытты ғұмыр кешудемін. Одан артық менде қандай арман болуы мүмкін?» — ​деп өзінің ойымен бөліскен Валентина Изгейм жыл сайын күзде қап-қап картоп, шелек-шелек қызанақ пен қиярға, сәбізге қарық болатындарын айтады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика