Аққан жұлдыз

c_410_290_16777215_00_images_2017_21_21-2017-18.jpgО,өмір, жарқыраған сая бағым,
Бесіктей, тербеленіп аяладың,
Жүздеген толқынына
құлаш ұрып,
Аймалап, мөлдіріңмен аямадың...Ол, өмірдің қамшының сабындай қысқа ғана ғұмыр екенін білгендей, өмір сүруге асығатын, әрдайым, мәнді өмір сүруге құштар болатын жан еді. Еліне кішкентай болса да, пайдасы тиер іс тындыруға асық болатын. Сол себепті болар, халқы да, есімі ерге айналған жанашыр ұлын жадынан бір сәт шығарған емес.

 

Бойында нағыз кісілік қасиеттер табылатын кейіпкеріміздей азаматтарды, бүгінде, «қазіргі заманның батырлары» деп атайды. Теміржан Қалиұлы 1952 –жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданының Тимофеевка селосында дүниеге келген. Мектеп бітірісімен Қостанай ауылшаруашылыққ институтына «Зоотехник ғалымы» мамандығын игеруге ниет білдіреді. 1976 жылы институтты аяқтағаннан кейін, ол Октябрьск ауданына жолдама алып, онда ұзақ уақыт бойы ауданның бас зоотехнигі болып қызмет жасайды.
Жолдастары мен әріптестерінің ортасында салиқалы әңгіме айтып, салмақты мінезінің арқасында сыйлы болған кейіпкеріміздің жаны шығармашылыққа жақын болатын. Қатал мінезді талап ететін мемлекеттік қызметті атқарумен қоса, ақындықты да қатар алып жүрді.Бірақ, өзінің бұл қырын елге жария етпейтін. Бұл да бір, қарапайымдылық пен кішіпейілдіктің белгісі болар.
Кейіпкеріміз 2000-жылдан бастап, Таран ауданына көшіп, «Шамшырақ» аудандық газет редакциясында бас редактор болып жұмыс істейді. 2004-ші жылдан бастап ҚР ауыл шаруашылық Министрлігі жанындағы ветеринария бойынша аймақтық инспекциясында жетекші маман болып қызмет атқарады.
«Теміржан, жігіттің нағыз төресі еді. Танысқанымызда, мен әлі бойжеткен қыз едім. «Айналайын» деген сөзді есту арманы болған бойжеткен қыздың арманын орындап, әкелік қамқорлығымен өзіне тарта білді. Қазірдің өзінде де, Теміржаным жетпейді. Кейде, айтқан сөздері, кейде, істеген қылықтарын көруді аңсаймын. «Шалым» деп еркелеткенімде, маған «шалым» демеші, «жігітім» деші деп ойнап, ренжитін. Өмір деген осы ғой, бүгін бармыз, ертең жоқпыз, ағымға ілесіп күнімізді кешіп келеміз. «Әттеген-ай», деген ойдағы өкініш, сағынғанда сыздаған жүректегі елес, мұң шарпиды. Қыз кезімде көрмегенімді, кимегенімді, отбасын құрып, әйел атанған соң көрдім. Бұның барлығын, өмірлік серігім болған, Теміржанымның арқасы деп білемін. Ол бізді қатты жақсы көретін. Әсіресе, Гаухарымызды. (кейіпкердің жалғыз қызы) Уақыты қалт етсе, қызы екеуі кітап оқып, музыкамен айналысатын. Гаухарыма да әкесінен мінез дарыған. Бастаған ісін дөптеген жеріне апармай тыным таппайды. Шіркін, қызымыздың азамат болып, жеткен талай жетістіктерін көре алмай кетті...», - дейді кейіпкеріміздің жұбайы Қарлыға Шұңғырбаева.
«Папалап» есік ашқанда,
Жанардан тамшы төккенмін.
Бір өзіңе болдым мәз,
Өмірімнің көктемі...
Бұл – Теміржан Қалиұлының қызы Гаухарға арнап жазған өлең шумақтарынан үзінді. Ол нағыз жанашыр әке еді. Қызының бойына нағыз адамгершілік, табандылық пен шыдамдылық қасиетін сіңіру, оның басты әкелік арманы болатын. Бүгінде, бірде төрде отырған ағамыздың шаңырағына кіргенде, еркетай қызы мен жанашыр әке арасындағы ыстық махаббатты әлі де сезініп, байқауға болады.
Теміржан Қалиұлының жалғыз қолқанаты Гаухар Шұңғырбаева, бүгінде, өзі де, бір шаңырақтың ұйытқысы болып, берекесін келтіріп отырған ибалы келін, аяулы ана, сүйікті жар. Таран ауданы әкімдігінің заң бөлімінің басшысы. Әкесінен бойына дарыған шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі де бар. Фортепиано аспабына отырып, ойнаған кезде, әрдайым әкесін еске алатындығын айтты.
Бұл күнде еңсем биік, елім азат,
Күтіп тұр
болашақта істер ғажап.
Бірақ та, ұмытпайық, ұмытпайық,
Ақынды қазақ үшін көрген азап...
Ол – халықтың баласы, елінің жанашыр азаматы бола білген жан. Жұрты, туған өлкесі десе, алдындағы асын жерге қоюға дайын болатын нағыз жанашыр азамат болатын.
Өмірде әрдайым ізгілікті іздеген адам еді... Өз ортасында орны бір төбе болатын. Тауып айтар тапқырлығы, зілі жоқ әзілдері өзгелерді қайран қалдыратын. Әттең!.. Еш пенденің ала жібін аттамай, біреуге иненің жасуындай қиянат жасамайтын жан еді. Азаматтық ары алдында бейкүнә таза, елі алдында парасат-пайымы биік, дос-жаранға қадірлі қалпында дүниеден өткен Теміржан Қалиұлы ағамыз, халқының есінде нағыз тұлға ретінде жатталып қалатыны шүбәсіз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика