Рәміздер – ерліктің нышаны, бірліктің ұраны

c_410_290_16777215_00_images_2017_22_22-2017-5.jpgМемлекеттің мемлекет болып қалыптасуы үшін оның ең алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің Туын, Әнұранын, Елтаңбасын белгілеп алуы. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз – халқымыздың өзімізге тән өмір салтымызды, бүкіл болмыс ерекшелігімізді, айрықша арман-аңсарымызды белгілейтін бірден-бір белгі. Тәуелсіз Қазақстан Туымен – тұғырлы, Әнұранымен – айбатты, Елтаңбасымен – еңселі.

Биыл Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл! Тұғырлы Тәуелсіз еліміздің әр абзал азаматы – еңселі нышандарымызға құрмет көрсетуді басты азаматтық борышы деп біледі. Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңба – тәуелсіздіктің тірегі, бабалардың асқақ арманы. Оны біліп, көңілге түйген бір бөлек, ал, мемлекеттік рәміздерді дұрыс орналастыра білудің жөні басқа.Осы орайда, мерейлі күн қарсаңында, мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға сай келуі мен орналасу тәртібін байқау мақсатында ауданымыздың бірқатар мекемелеріне бас сұғып қайттық.
Алдымен, аудан әкімдігі ғимаратынан бастауды жөн көрдік. Суретте көріп отырғандарыңыз, Таран ауданы әкімдігі аппаратының кіші мәжіліс залы мен үлкен мәжіліс залы. Аудан әкімінің қатысуымен, әкімдік аппаратында өткізілетін барлық айтулы кездесулер, маңызды сұрақтар осы мәжіліс залдарында талқыланады. Мәжіліс залдарындағы мемлекеттік рәміздер барлық белгіленген стандарттарға сай. Сонымен қатар, әкімдіктің барлық бөлім басшыларының бөлмелерінде, қабырғада мемлекеттік нышандар орналасқан. Ортасында алтын түстес қыран мен ұлттық өрнек бейнесіндегі шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнекті қалықтаған Туымыз, дөңгелек нысанды, көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар, оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған,жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар Елтаңбамыз, негізгі әуенді рәмізіміз – Әнұран мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің ерекше құрметіне ие екендігі байқалады.
Сіздердің назарларыңызға ауданымыздың алдыңғы қатарлы білім ошағы, №1 орта мектептің фойе (кіре беріс залын) ұсынбақ болдық. Ұстаздар мен оқушылар Мемлекеттік Рәміздер орналасқан зал білім қарашаңырағының мақтанышы екендігін айрықша атап өтті. “Мемлекеттік рәміздер — еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Биыл мемлекеттік рәміздердің ресми қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Рәміздердің тарихы мен мәнін білу, оларды құрмет тұту — әрбір қазақстандықтың борышы екендігі айтпаса да түсінікті. Әр рәміздің артында үлкен тарих, зор мағына жатыр. Мемлекеттік рәміздеріміз — еліміздің өмір салтымызды, бүкіл болмысымызды, ерекшелігімізді, мақсат-мұратымыз бен арман-тілектерімізді білдіретін белгі. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда тәуелсіз мемлекетіміздің желбіреген Туын, ерекше Елтаңбасын, асқақтай әуелеткен Әнұранын құрмет тұтудың тарихи рөлі зоp. Біз, ұстаз ретінде, оқушылардың бойына осы нышандарға деген мақтаныш сезімін, құрмет сезімін ұялатуға барынша күш саламыз,”- дейді №1 орта мектебінің директоры Аслан Мадибаев.
P.S. Қазақстан мемлекеттік рәміздерінің жиырма бес жылдығы әр қазақстандық үшін айтулы мереке. Туымыз жиырма бес жыл бойы көгімізде желбіреп, Әнұранымыз шырқалып, Елтаңбамыз өшпес таңбаға айналды. Көк Байрағымыз желбірегенде, бар қазақтың жүрегінде қуаныш, сенім ұялайтыны сөзсіз. Әр Әнұран шырқалғанда, әр азамат орнынан тұрып, қолын жүрегіне қояды. Бұл Әнұранға деген шексіз құрмет. Жүректеріміз елімізбен бірге жасап, Әнұранымен бірге соғып, өмірі тоқтамайды. Арайлы таңымыз атқан қазіргі уақытта, Рәміздеріміз жасай берсін!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика