Гитаристер ансамблі алғаш рет сахнада!

c_410_290_16777215_00_images_2017_22_22-2017-7.jpgАудан тұрғындары үшін «Өнер мектебі» тәлімгерлерінің шығармашылығы жақсы таныс. Оқу жылының аяқталуына орай, ағымдағы апта көлемінде жас өнерпаздар есептік концерт беруде. Бүгінгі мақаланың кейіпкерлері жас гитаристер ансамблінің қатысушылары болмақ. Бұл балалардың әрқайсысы музыкамен жеке айналысып жүргендерімен, ал топ болып сахнаға алғаш шығуда.

«Өнер мектебіндегі» гитара сыныбының оқу мерзімі бес жыл уақытты қамтиды. Қазіргі кезде топ құрамында жеті тәлімгер бар. Бұл өнерпаздардың жас ерекшеліктері әртүрлі. Аталмыш ансамбль құрамында гитара аспабын игеріп, бұрыннан шұғылданып келе жатқан оқушылармен қатар, бірінші сыныптағы бүлдіршіндер де бар.
«Бүгінде, тобымда бес ер бала және екі қыз бала бар. Оқушыларымның арасында алыс жерден қатынап сабақ алатындар да бар. Бүлдіршіндердің өнерге деген қызығушылықтарына демеу болып жүрген сол балалардың ата-аналарына ризашылығымды білдіргім келеді. Аталған жеті баланың барлығы гитара аспабын жеке-жеке игеріп, әуендер орындап, жаттығып жүрген оқушылар. Дәстүрге айналған жыл сайынғы есептік концертке топ болып шығуды ойластырдық. Ойлағанымыз жүзеге асты. Балалар бір-біріне ілесіп, үйлесіп-ақ кетті. Мерекелік концертте «В гостях у Натали» , белгілі ағылшын – африкандық «Go Down Moses» атты әуенді орындадық », - дейді жас гитаристер ансамблінің жетекшісі Виктория Данькова.
Топ мүшелерінің әрқайсысының өзіне тән орындау мәнері мен аспапты игеру үлгілерінің түрлілігіне қарамастан, алғаш рет бірлесіп өнер көрсеткен ансамбль мүшелерінің музыкалық көрінісі жоғары деңгейде болды. Топ мүшелері мен ансамбль жетекшісі келешекте дәл осы құрамда өнер көрсетіп, талғампаз тыңдаушыларын қуантуды жоспарлаған.
Айта кетейік, шілде айынан бастап, Таран ауданының «Өнер мектебінде», жетекші Виктория Данькова ақысыз түрде гитара сыныбы бойынша дәрістер өткізеді.Гитара аспабын игеремін деушілер үшін, сабақ әр дүйсенбі, сәрсенбі күні, сағат: 15.00 – де өткізілетінін хабарлады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика