Жазғы демалыс қалай өтуде?

c_410_290_16777215_00_images_2017_24_24-2017-3.jpgҮш айға созылатын жазғы демалыс – мектеп оқушыларының ерекше асыға күтетін шағы. Оқу жылы бойы сабақтан қолдары босамаған балалардың бос уақыттарын қалай өткізетіндіктері жайлы ата-аналар да, мұғалімдер қауымы да тиянақты ойласып, неғұрлым пайдалы және көңілді етіп ұйымдастыруға тырысады. Білім ошақтарында мектеп оқушыларына арналып ұйымдастырылған жазғы науқанды лагерьлер мен түрлі іс-шаралар легі бар.

№1 орта мектебінде оқушыларға арналған жазғы лагерь жұмысын бастап кетті. Аталмыш лагерь, ауданымыздағы «Өнер мектебі», «Ұшқын» Мәдениет үйі, Б.Майлин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс жасайды. Жазғы науқан бойына созылатын лагерь қарамағында түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Атап айтқанда: 1-30 маусым аралығында «Күндізгі денсаулықты жақсарту» лагері, үш ай көлеміне созылатын «Компьютерлік клуб» , «Еңбек лагері», «Жөндеу құрылыс тобы», «Жас эколог» үйірмесі оқушылармен жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, Күнделікті сағат 20.00-ден – 21.30-ға дейін шағын футболдан, волейбол мен баскетболдан спорт үйірмесі жұмыс жасайды, аталмыш спорттық үйірме үш ай көлеміне жалғасады.
Мектеп қарамағында жұмысын жүргізетін «Жас ұлан» тобы театр үйірмесін, «Робототехника» үйірмесін ашты. Аталмыш үйірме ұйымдастырушылары оқушылармен өз жұмысын тамыз айында жүргізуді жоспарлаған. Мектеп ауласында оқушылар өздері отырғызған көкөністерді баптауда.
Сонымен қатар, жазғы демалыс күндері мектеп мұғалімдері оқушылармен пән олимпиадаларына дайындық жұмыстарын жүргізеді. Мектеп қарамағында «Ғылыми зеттеу тобы» бар, үш ай көлемінде топ мүшелері ғылыми жоба аясында жұмыс жасайды.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика