Көмекке зәру отбасы

c_410_290_16777215_00_images_2017_26_26-2017-15.jpgГазетіміздің бір санында Боранбаевтар отбасы мүшелері жайлы жазған болатынбыз. Еске салайық, ол кезде, мерекеге орай, аудандық сот өкілдері бұл отбасы бүлдіршіндерін «Балалар күнімен» құттықтап барғандары жайлы әңгіме болатын. Сол кезде, отбасы асыраушысы болып отырған Гүлім Боранбаева жағдайларының қиын екендігін айтқан еді. Бүгін, Сіздерді бұл отбасы мүшелерімен жақынырақ таныстыруды жөн көрдік.


Гүлім Боранбаева - Аманкелді жерінің тумасы. Таран ауылында бала кезден тұрады. Бүгінде, небәрі жиырма тоғыз жасар келіншек бес баланы асырап отырған жалғызбасты ана.
Гүлім Балтабайқызы - өзі де көпбалалы отбасында тәрбие алған жан. Сол себепті болар, оған еңбектеніп тапқан нанның дәмі бала кезден - ақ жақсы таныс. Мектептегі оқуын аяқтаған Гүлім Қостанай қаласындағы училищеге оқуға түседі, тігінші мамандығын игереді. Бірақ, тұрмыстың ауырлығы мен отбасылық жағдайларға байланысты ол жердегі оқуын тастап кетуге мәжбүр болды. Одан кейін, балаларының әкесі болған азаматпен көңіл жарастырып, тұрмыс құрады. Гүлім жолдасы жайлы айтудан бас тартты, тек ол азамат Шымкент жерінің тумасы екенін тілге тиек етті. Жеті жыл отасқан ерлі-зайыптылар өмірінде түрлі қиыншылықтар болған көрінеді. Тұрмыстық қиыншылықтарға, күйеуінің көрсеткен озбырлығына шыдамаған кейіпкеріміз айырылысуды жөн көреді.
Жоғарыда айтқанымыздай, Гүліім, бүгінде, бес баланы өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Оған қоса, жұмыссыз. Арнайы білімі болмағандықтан, кейіпкерімізге қызметке тұру өте қиын. Кейіпкеріміздің анасы, елу үш жасар Мәрия Аймағамбетова «Бұл қыздың жасамаған жұмысы жоқ. Аудандық ауруханада да, МТС-те де жұмыс істеді. Осыған дейін , сотта еден жуушы қызметінде істеген қызымды, жұмыстан шығарып жіберді. Енді, тіпті , табыссыз қалды. Қолымыздан келгенше көмек береміз. Десе де, жетпейді. Бес баланы он екі мың көлеміндегі перзентақыға асырап отыр. Балалардың әкесі үш-төрт ай көлемінде он-он бес мың көлемінде қаржылай көмек берсе берді, болмаса, ол да жоқ . Оған қоса, сатып алынған әр зат үшін түбіртек талап етеді. Мен өзім де көпбалалы анамын. Он перзентті дүниеге әкелдім. Қазір зейнеткермін,» - дейді.
Бүгінде, Боранбаевтар отбасы үкіметтің пәтерінде тұрып жатыр. Жас көпбалалы ана балаларыма өз тегімді беріп, пәтерге тіркеуге қойсам ба деп армандайды. Өзі де тұрақты жұмысқа орналассам ба деп әлек болып жүр. Жас ананы қысқы уақытқа отын-ағаш даярлау, балаларды мектепке , балабақшаға киіндіру секілді жағдайлар алаңдатады.
Балалардың алды Әсем он жаста, Азамат сегіз жаста, одан кейін Алдияр алты жаста, төрт жасар Гаухар және екі жасар Ернар есімді ұл бала бар. Кішкентай ғана бүлдіршіндер тұрмыстың тапшылығын түсінетіндей, аналарына басқа балалар секілді тәттілер, ойыншық сұрап, ауыртпашылық салмайды. Бір-біріне сүйеу болып, көмек беруге тырысады.
Бөбектердің мөлдіреген көздерін көріп, ішің удай ашиды. Бұл отбасы , шынымен, аз болса да, көмекке мұқтаж. «Жұдырыққа жұмылып», ел болып, жебеуімізге зәру.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика