Ғажап қала – Астана

c_410_290_16777215_00_images_2017_27_27-2017-3.jpg6 –шілде – Астана күні. Астана күні мерекесіне үн қоса отырып, мен Астана туралы ой – пікірімді жазып отырмын.


Астана бірден ғажап қала болып кеткен жоқ. Астана – бұрынғы Ақмола, Қараөткел, кейінгі Целиноград қалалары болатын. Тың көтерілген жылдары Ақмола қаласы Целиноград қаласы деп өзгертілген еді. Қаланың алғашқы бекінісінің іргетасы , тарихшылардың айтуынша, 1830 жылы көтерілген. Ақмола мекені сауда жәрмеңкелерінің орталығы болған. Бүгінгі күні Астана қаласы Қазақстанның елордасы. Астана қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Ел арасында алыс –жақын облыстарымен қатынастарға қолайлы. Оның үстіне, қала тоғыз жолдың торабында тұр. Қала күн санап өсіп, көркейіп келеді. Астанада дүниежүзілік маңызы бар оқиғалар сәтті өтуде. Қазір Астанада Елбасының резиденциясы, Парламент, Үкімет үйлері, Министрліктер ғимараттары бар. Қалада көптеген мәдениет ордалары салынған. Солардың бірі К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Ұлттық мемлекеттік мұражай, тағы басқа да Астана айшықтары бой көтерген. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп , халықаралық медалі тапсырылды.
Бүгінгі таңда Елордамыз саяси-экономикалық орталығына айналды. Астананы бүкіл жер жүзі біледі десем, артық айтпағаным емес. Елбасымыз өзін де, өзінің салиқалы саясатын да, Астанамызды да бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл әлем Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты құрмет тұтып, әлемдік қандай да мәселелерді шешуге Астанада басқосуға асығады. Астанамыз – Отанымыздың жүрегі. Қазіргі кезде, яғни 2017 жылы Елордамызда ЭКСПО – 2017 әлемдік маңызы бар іс-шаралары өтуде. Ол дегеніміз, бүкіл әлем Қазақстанға құрметпен назар аударды деген сөз. Өзім ЭКСПО -2017 –ге қатыспасам да, теледидар арқылы жаңалықтарды жібермей, қарап, Еліміздің басқа елдерден мәртебесінің биік тұрғанына қуанамын.
Астана – жас қала. Болашағы зор. Елбасымыздың басшылығымен әлем таныған Астана – біздің мақтанышымыз! Астана биіктен – биікке көтеріле берсін!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика