Ал Сіз «Қазақстан Ұлттық Дәрілік Формулярымен» жұмыс істей аласыз ба?

«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқаны аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» тұрғындар арасында «Қазақстан ұлттық дәрігерлік формуляры» сайтының жұмысы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Аталмыш бағдарлама аясындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар аудандық орталық ауруханада да өз жұмысын бастап кетті», - деп хабарлайды бас дәрігердің орынбасары Жібек Турибекова.


«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқаны аясында аудандық орталық аурухана қызметкерлері «Денсаулық мектебі» жобасын қолға алуда. Жоба барысында дәрігер мамандар тұрғындарға «Дені сау бала», «Артериалды гиппертензия мектебі», «Қант диабеті мектебін» жүргізуде. Сонымен қатар, осы жоба аясында
аудандық аурухана қызметкерлері «Қазақстан Ұлттық Дәрілік Формуляры», «KNF.KZ» сайтынмен қолдану жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.
Қазақстан ұлттық дәрілік формуляры пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту және денсаулық сақтау қызметкерлеріне дәрілік препараттар туралы өзекті, толық және дәйекті ақпаратқа қолжетімділік беру үшін әзірленген. Аталған сайтта Сіз дәрілік препаратқа монография таба аласыз, бұдан атаудың бекітілуін, қолдану әдісін, мөлшерлемесін,қауіпсіздік шараларын, қарсы көрсетілімдерді және дәрілік заттардың өзара байланысын, бүйрек және бүйрек жеткіліксіздігі,жүктілік кезінде, емізу кезінде препараттарды қолдану, сондай-ақ жанама реакциялар жайлы мәлімет ала аласыз.
Дәрілік заттар анатомиялық-терапевтілік, химиялық сыныптауға сай сәйкестендірілген.Монографияларда Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының және Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар тізбесінің деректер базасына сілтемелер бар.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика