Батыр ортақ, бақ жалқы

c_410_290_16777215_00_images_2017_32_32-2017-7.jpgАты аңызға айналған Жабағы батыр - 18 ғасырда өмір сүрген.Ел аузындағы аңызға қарағанда, Қыпшақ даласына ат қойып келген қалмақтардың үлкен тобы Жабағы батырдың ауылының дәл іргесінде ажал табады. Жасанып келген жауға қарсы қайрат қылып, қойдай қырса да, бұл шақта шау тартып қалған батырдың астындағы атына оқ тиіп, мертігіп, аттан құлап түскен батыр жаяу соғысып, қылыштасып жүргенде, ту сыртынан атылған оқтан жаралы болады. Бұл жарадан сау қалмасын білген қолбасшы сонда жұртын жиып: «атаңа нәлет қалмақтың өліктерін сасытпай, үлкен шұңқыр қазып, бәрін бір жерге көміңдер, ал күні ертең мен олдүниелік болып кетсем, сол шұңқырдың үстіне оба үйіп, төбеге өзімді жерлеңдер, ата жауымыз тіріліп кетіп жүрмесін, үстерінен басып жатайын», - десе керек. Батыр бабаларының өсиетін ұрпақтары бұлжытпай орындаған.


Жазықтағы жалғыз төбенің қолдан үйілгеніне күмән келтіру қиын. Батыр зираты, шынында да, қарауыл төбеге ұқсайды. Жабағы батыр елдің шетінде, желдің өтінде жастыққа жантайып жатқандай...
Жабағы батырдың писары болған Жаппас Кермен руының азаматы Қарта ұрпақтарының шежіресін араб тілінде кітап етіп жазыпты. Осы кітапты жазған азаматтың шөбересі (аты белгісіз) 1927 жылы Қостанай қаласынан Торғай ауданының құрылыс саласын басқаруға келген. 1930-32 жылдары Таран ауданына барған торғайлық ақсақал Рақымберген деген кісімен кездескенде, үйінде Қарта руының шежіресі жазылған кітап бар екенін, оны құрылыс саласын басқарушы болған адамнан алғанын айтыпты. Арада жылдар өтіп, екі ақсақал бір-бірімен хабарласса да, одан кейін кездесудің сәті түспеген. Рақымберген ақсақал торғайлық замандасының есімін ұмытып қалады. Өмірден озар алдында ол, баласы Қайрат пен немересі Тимурға Торғай еліне барып, Қарта руының шежіресі жазылған кітапты іздеп табуды аманат еткен.Қостанай өлкесінде Әйет деген өзен бар. «Әйет деген кісінің құрметіне қойылған» деседі жұрт. Кезінде осы Әйеттің маңынан өткен кез келген керуен немесе жолаушы міндетті түрде өзеннің басына түнеген екен. Оның негізгі себебі – Әйет өзенінің сол жақ бетінде өз заманының ержүрек батыры Жабағы батырдың зираты бар көрінеді. Сол кісінің басына дұға қылмай өткен жолау­шы­лардың жолы болмайды деген түсінік қалыптасқан. Біреулері түйеден аударылса, енді біреулерінің арбасы сынған, әйтеуір, зиратқа бас бұрмағандар әлдебір сәтсіздікке ұшырайды екен. Жабағы батыр жайлы ел арасында түрлі аңыз әңгімелер бар. Жаугершілік заманда өмір сүріп, елін-жерін өмір бойы қалмақтардан қорғап өткен батырдың күштілігі сондай, тіпті, ешқандай қарусыз, жалаң қолымен-ақ қасқыр соғып алатын болған. Қыпшақ даласына ат қойып келген қалмақтардың үлкен тобы Жабағы батырдың ауылының дәл іргесінде ажал табады. Жасанып келген жауға қарсы қайрат қылып, қойдай қырса да, бұл шақта шау тартып қалған батырдың астындағы атына оқ тиіп, мертігіп, аттан құлап түскен батыр жаяу соғысып, қылыштасып жүргенде, ту сыртынан атылған оқтан жаралы болады. Жабағы жорықта жалғыз жүрген жоқ, жауға жалғыз шапқан жоқ, дұшпанын жалғыз атқан жоқ. Жанында сенімді серіктері, сайдың тасындай сарбаздары, найзасын жауға тіреген, садағын кезеп шіренгенде аттарын тізерлеткен жаужүрек батырлар болды. Солардың бірі Жаманқара батыр. Ол да қайтыс болар алдында: «Жабағы батырға жақындап барып жатайын, тірлікте дәмді бірге татып едік, жауды бірге шауып едік», – деген тілек айтқан.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика