Өмірге еркелеп, қараймыз келер күнге, туған ел

c_410_290_16777215_00_images_2017_32_32-2017-18.jpg«Туған жер» деген жүрегінен шыққан асыл сөзді, бүгіндегі абыройлы зейнеткер зор тебіреніспен, мақтанышпен айтады. Ол өз өмірін отбасына, сүйікті ісіне арнаған адам. Туып өскен өлкеде адал еңбек етіп, жерлестері арасында ерекше сыйға ие бола білген жан. Бүгінгі әңгіме, Набережный ауылының тұрғыны Рысбике Мурзабаева жайлы болмақ.


Рысбике Жұмабекқызы 1946 жылы Сабынкөл ауылында, жұмысшылар отбасында дүниеге келген. Әкесі – Жұмабек, анасы - Рысгүл өз өмірлерін еңбек етуге арнаған кісілер. Балауса балғын шағын кейіпкеріміз сағынышпен., толқыныспен еске алады. «Отбасымызда менен басқа үш ағам болды. Ата-анамыз әрдайым жұмыста болғандықтан, кішкентай кезімізде бауырларымызбен бірімізге-біріміз қарайлайтынбыз. Ол кезде өмір басқа болды ғой. Бала болсақ та, ата-анамызға қолымыздан келгенімізше көмек беруге тырысатынбыз», - дейді.
Сабынкөл ауылындағы орта мектебінде сегізінші сыныпқа дейін білім алып, кейін оқуын бұрынғы Семиозерный, қазіргі Әулиекөл ауданында жалғастырады. 1966 жылы мектептегі оқуын аяқтаған соң ,педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1968 жылы өмірлік жан жолдасы Мұрат Мурзабаевты кездестіріп, шаңырақ көтереді. « Ол кезде мен оқуымды енді аяқтап келген жас бойжеткен едім. Тұрмысқа шыққан соң, жұмысқа орналасайын» дедім. Білім алған мамандығым бойынша қызметке тұру қиын болды. Мектепті қазақша , училищені де қазақша аяқтаған едім. Ол кезде орысшаң оңды болмаса, жұмысқа орналасу бір қиындық болатын. Сөйтіп, фермаға сауыншы болып кірдім. Сол жерде он үш жыл жұмыс жасадым. Кейін, денсаулығым ақау бере бастады. Күш салатын жұмысты істеу қиын болды. Отағасымен ақылдасып, оқуымды жетілдіремін деп шештім. Малдәрігерлік интитутқа оқуға түстім. 1977 жылы ол оқу орнын аяқтадым. Ол кезде қолымда үш балам болды. Содан кейін, Набережный ауылының мәдениет үйіне қызметке тұрдым. Жиырма бес жыл көлемінде меңгеруші болып жұмыс істедім. Негізінде, жаным шығармашылыққа жақын адаммын. Кеш болса да, сүйікті ісімді тапқаныма шынымен қуанамын», - дейді кейіпкеріміз.
Бүгінде, Рысгүл Мурзабаева үш ұлы мен олардың арттарынан ерген қолқаныттарының қызығын көріп отырған абыройлы ана. Рысбике апамыз ауылдағы қоғамдық жұмыстарға да етене араласады. Бар бос уақытын үйінің алдындағы ауланы күтумен, немерелерінің тәрбиесімен айналысады. Немересінің алды – Асқар жиырма екі жаста. Одан кейінгісі – Лаура он алты жаста. Ұлдарының тұңғышы Нұрлан, одан кейінгілер, егіздер Әлімжан мен Сәлімжан бір-бір үйдің отағасы болып отырған әкелер.
Рысбике Жұмабекқызы 2005 – жылы, өз ісіне адал қызмет еткен азамат ретінде зейнетке шықты. Кейіпкеріміз, бүгінде, жетпістің жетегін арқалаған елге сыйлы зейнеткер. Бізбен әңгіме құрған үйде, ол елу жыл көлемінде тұратыны жайлы айтты. «Осы үй, аула, ауылымның көшелері, осы мекеннің тұрғындары мен үшін өте ыстық, ерекше қымбат. Қалаға қарай бет бұрып, балаларыма жақынырақ көшуге мүмкіндік болса да, туған жерді, үйіңді қимайды екенсің. Бір кездері жастық шақты күндерді бірге өткізген құрдас достарымыздың арасы сиреді. Қарттық жақындаған сайын, елге деген махаббат артады екен. Сендер,бүгіннің жастары, бақыттысыңдар. Бостандықтарың сендердің басты байлықтарың. Жеріміздің көгінде Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, көшіміз түзелді ғой, шүкір дейміз», - дейді кейіпкеріміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика