Әлеуметтік тұрақтылықты дамыту – басты талап

c_410_290_16777215_00_images_2017_34_2017-34-08.jpgҚоғамның тұрақтылығы мен халықтың әл-ауқаты, көп жағдайда халықты әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктердің деңгейіне байланысты екені сөзсіз. Біздің өңірде де, осы салада қажырлы еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген мамандар бар.


Бүгінде Таран ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінде жиырма алты әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Олардың тұрақты қарауында тоғыз мүмкіндігі шектеулі бала мен жүз тоғыз көмекке зәру қарт кісі бар. Әрбір әлеуметтік қызметкердің қарауында сегіз қараусыз қалған қарт кісі бар. Әлеуметтік қызметкер мамандарының қызметі - шыдамдылық пен аса еңбекқорлықты талап ететін жұмыс. Бұл мамандар өздерінің қарауындағы қарт кісілерге үй шаруасында ғана көмек беріп қоймай, сонымен қатар, рухани түрде қолұштарын береді. Әлеуметтік қызметкерлер қоғамдық өмірге де етене араласады. Қазір Таран ауылында жұмыс істеп жүрген жас әлеуметтік қызметкер Назгүл Есмағамбетова Республикалық «Еңбек жолы» байқауына қатысуда. Ағымдағы айдың отыз бірі күні қорытындысы шығатын бұл байқауда жерлесіміз өте жақсы нәтиже көрсетуде.
«Кез-келген адам әлеуметтік қызметкер бола алмайды; оларды таңдаудың негізгі факторы кандидаттардың кәсіби жарамдылығын және тәжірибелік қызметінің нәтижелілігін анықтайтын құндылықтар жүйесі болып табылады. Бұл жерде әр адамның жеке тұлғалық абсолютті құндылықтары философиялық тұрғыдан түсіндірілетін индивидтің құндылығына бағытталған базистік қасиеті болып табылады. Әлеуметтік жұмыс қиын мамандық және солай болып қала бермек. Қоғам көп жағдайда ол туралы адекватты тұрғыдан пікір қалдырмайды. Бірақ әлеуметтік жұмыс адам қызметтерінің дұрыс және көпқырлы түрі болып табылады. Қазіргі заманның өзгеруі, материалдық құндылықтардың рухани байлықтан үстем болуы отбасылық тәрбиенің құндылығын әлсіретті, елімізде жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың саны күн өткен сайын көбейіп отыр. Масылдық пен әлеуметтік инфантилизм секілді құбылыстарды еңсеріп, жеке адам мен бизнестің жоғары жауапкершілігіне, барлық еңбек субъектілерінің мемлекетке қатысты әріптестік өзара қарым-қатынасына негізделген еңбек қызметі мен игілікке жаңа тартымдылық енгізу қажет», - дейді Таран ауданының әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Галина Филипова.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика