«Мың бір түн» ертегісіндей...

c_410_290_16777215_00_images_2017_37_37-2017-11.jpgБиылғы жыл қазақ елі үшін өте айтулы болды. 115 елді өзіне қаратқан халықаралық көрмені тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер келіп жатыр. Олардың қатарынан қазақстандықтар да, соның ішінде, біздің өңіріміздің тұрғындары да қалыс қалмауда. «1000 рет естігенше,1 рет көр» демекші, шіліңгір шілденің қайнаған сенбі-жексенбісі елордамызға ат басын бұрып, ЭКСПО-ны тамашалаған Смайловтар жанұясымен жүздестік.

«Жолдасым еңбек демалысына шыққан болатын. «Бақытбек, ЭКСПО Қазақстанда енді бола ма, болмай ма... Бала-шағамызбен Астанаға барсақ, қалай қарайсың?» деп едім, «Қазақ елінде болып жатқасын жағдайы келсе, әр қазақ баруға міндетті ғой. Реті келіп тұрса, демалыс күндері барып қайтайық», - деді. Сөйтіп, бүкіл әлем көз тіккен ЭКСПО қалашығына аяқ бастық», - дейді Татьяна Смайлова. Жайылған дастарқан басында отырған отағасы да жарының сөзін қостап, әңгімемізді: «Елдің қарасы мол екен. Жұрттың көптігін көріп, балаларымыз да қуанып қалды. Әсіресе, оларға шар тәріздес павильон іші қатты ұнады. Аспанмен астасқан алып шардың етегінен қарағанда да, сегіз қабатты шардың ішін аралаған да ерекше әсер етеді екен. ЭКСПО қалашығы кешкі уақытта «Мың бір түн» ертегісіндегі шаһарлардай түрлі әсем жарықтарымен жаныңды жаулап алатыны тағы бар», - деген сөзімен жалғастырды.
Татьяна мен Бақытбек Смайловтар әр елдің павильондарында болып, олардың көрмеге қойған дүниелерімен, заманауи жаңалықтарымен танысыпты. Дүниежүзілік осындай дүбірлі алып көрмені айшықты етіп өткізіп отырған өз елі екеніне, әрі қыздарының ғасырда бір өтетін ауқымды шараға куә болғандарына кеуделерінде қуаныш ұялағанын алға тартады. «Әу бастан-ақ, ЭКСПО-ны өткізу құқығын Қазақстанымыздың жеңіп алғанын естігенімізде, соған ұйытқы болған Елбасымызға риза болған едік», - дейді олар. Расымен де, осының барлығы да мемлекетіміздің халықаралық аренадағы рөлі үшін зор жетістік. Ертең «Біздің елде ЭКСПО өтті!» деп айта алғанға не жетсін, ағайын!


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика