Селжан Орынтаев: «Көптеген жаңалықтар енгізілуде»

Адамзат тарихында ерекше орын алатын пошта байланысы пайда болғанынан бастап бір жарым ғасырға жуық уақыт аралығында әлемнің әр түкпіріндегі ел мен елді, ауыл мен ауылды байланыстырып келеді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1874 жылдан бастап конгрестің шешімімен 9-қазан бүкіләлемдік пошта күні деп бекітілді. Осыған орай, жергілікті «Қазпошта» АҚ басшысы Селжан Орынтаевпен тілдесіп, пошта жұмысының ең соңғы жаңалығымен танысып қайтқан едік.

 

Өздеріңіз де білесіздер, технологияның қарыштап дамыған заманында елімізде қызмет түрлері де өзгеріп, уақыт талабына сай, пошта байланысының арта түсуімен қатар, жаңа қызмет түрлері, жаңа технологиялар енгізіліп, көрсетілетін қызмет сервисі де арта түсуде. Халықтың игілігіне жаңа қызмет түрлері біздің ауданымызда да енгізіледі. «Біздің поштамызда жазба хат-хабарларды, сәлемдемелерді жеткізу, мерзімді басылымдарға жазылу, оларды жеткізу, сонымен қатар, жалақы төлеу, зейнетақылар, жәрдемақылар және басқа да әлеуметтік төлемдер төлеу, ақша аударымдары, ақшалар мен құндылықтарды инкассациялау, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау сияқты көптеген әлеуметтік маңызды қызметтер көрсетіледі. Бүгінгі таңда «Қазпошта» АҚ үнемі даму үстінде. Сондықтан, көптеген жаңалықтар енгізілуде. Халыққа көрсетілетін қызмет түрлері жаңа технология бойынша іске асырылады», - дейді Селжан Селханұлы.
Ол қандай технология? Биыл шалғай ауылдарға пошта дрондардың көмегімен жеткізіледі. Себебі, ауа-райының қолайсыздығынан қызмет көрсетуші көлік әлгі елді-мекендерге жете алмайтын. Соның салдарынан тұрғындарымыздың соттың шақыру қағазын, тапсырыс бойынша корреспонденцияны уақытында алмайтын кездері болатын. Ал, енді оператордың басқаруымен жұмыс істейтін әуе кеңістігіндегі құрылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жеткізу қызметін атқаратын болады. Жақын арада жылдың соңына дейін іске қосылатын 2-3 дрон поштамызға келіп түседі деп күтілуде. Айта кетейік, міндетті түрде алдағы уақытта оқырмандарымызды пошта қызметінің басқа да жаңа түрлерімен таныстыратын боламыз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика