11 сәуір - халықаралық фашистік концлагерь тұтқындарын босату күні.

c_410_290_16777215_00_http___festival.1september.ru_articles_634626_presentation_img22.JPGБұл 1945 жылы Бухенвальд концлагерінде болған тұтқындардың ұлттық көтерілісін еске алу күні болып белгіленген болатын.






 



Тұтқындарды бір жерге жинап ұстайтын лагерь - бұл саяси, әлеуметтік, нәсілдік, діни және басқа да күдікпен қамалатын көпшілік орын. Тұтқындарды ұстайтын лагердің кең таралған жері Германия фашистігі болды. Бухенвальдте 18 ұлттан 56 мың адам көз жұмған. Оның ішінде19 мың адам - кеңестік әскери тұтқын.

Бухенвальд лагерін жергілікті халық «өлім фабрикасы» деп айтатын. Адамдарға түрлі тәжірибелер жасау, адам терісін сыпыру, сыпырылған теріден қолғап, дорбалар тігу деген небір сұмдықтың барлығы осы лагерьде жасалған. Іске жарамайтын ақсақ, ауыр жаралы жауынгерлер мен балаларды, әйелдерді бір бараққа қамап, улы газбен тұншықтырып өлтірген. Қазақстандық тарихшы Сәбит Шілдебай соғыстағы тұтқындар тақырыбын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды дейді: «1989 жылдан бастап совет одағы көлемінде тұтқындар тақырыбы зерттеле бастады. Шетелдік зерттеушілердің еңбегін совет үкіметінің басшылығы буржуазиялық тарихнама деп, ондағы деректердің барлығын өтірікке балап, Совет Одағына қарсы бағытталған үміт-насихат ретінде бағалады. Сондықтан да, халық бұл жағдайдан хабарсыз болды. Ал, тарихшылардың шындықты айтуға мумкіншілігі болмады. Совет мемлекеті тұтқынға түскен әскеріне қалай қарады? Олар тұтқынға түскен жауынгерлерді бір сөзбен «сатқын» деп айдарлады. Олардың ішінде мыңдаған қазақстандық азаматтар болды. Сталиннің жарлығына сәйкес тұтқынға түскен жауынгер соңғы оқпен өзін-өзі атып өлтіруі тиіс болды».

Тарихи деректерге жүгінсек, тұтқындардың 20 пайызы атылды немесе 25 жылға сотталды. 10 пайызы Сібірдің алыс аудандарына жер аударылды. 15 пайызы соғыста қирап қалған аудандарды қалпына келтіру үшін қара жұмысқа жұмылдырылды. 10-15 пайызы ғана туған жеріне оралды. Олардың барлығы уран, көмір қазуға жіберілді, көпшілігі ұзаққа бармай-ақ өмірмен қош айтысты.

Ауданымыздың аумағында 6 фашизм тұтқыны өмір сүреді. Тобыл ауылында тұратын Андрей Новенюк, Прокофий Стасюк, Пелагея Турнаеваға жергілікті әкімдіктің тарапынан қандай көмектің көрсетілетінін білу үшін ауыл әкімі Баймағамбет Каукинмен хабарласқан едік. Өкінішке орай, ол белгісіз себептермен қолында мұндай ақпараттың жоқтығына сілтеме жасап, қойылған сұраққа жауап қайтармады. Ал, Иван Мороз (Оренбург ауылы), Николай Поваренко мен Раиса Середа (Новоильин селолық округі) есімді концлагерь тұтқындарына қандай құрмет көрсетілетінін білу мақсатымен аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманымен жүздескенімізде еш қиындық туған жоқ. Оның айтуынша, аталмыш кісілерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы төлемдер төленеді. Ауданымыздағы фашистік концлагерь тұтқындарына көмек көрсетіліп, шағын да болса іс-шаралар ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика