Шегірткемен күрес - қатаң бақылауда

71771.jpgШаруаларды мазалайтын жайттың бірі - қуаңшылық қаупі болса, екінші жағынан егістіктің қас жауы - шегірткенің қаупі.




 




Аудан жағдайында ауылшаруашылық дақылдарына көптеген көлемде зиянды организмдер зиян келтіреді. Зиянкестер, аурулар және арамшөптер әсерінен келетін өнімнің шығыны потенциалды өнімнің үштен бірін және одан да көп бөлігін алуы мүмкін, сондықтан өнімнің шығынын болдырмау өте көп ауқымды жұмыстарды қажет етеді.

«Соның ішінде үйірлі шегірткелерді мүлдем қүрытып жіберу мүмкін емес, бірақ зиян келтіруін шектеуге болады», - дейді аудандық аймақтық инспекция басшысы Евгений Серафимов. Қатты топталып кеткенде күннің көзін көлеңкелеп жіберетін оларға бір күнде 70-75 шақырым жерді ұшып өту бұйым емес екен. Топтанып ұшып келе жатқанда қонған жерін жайлап, ол жерге келесі жылға дейін ештеңе шықпайтын көрінеді. Маманның айтуынша, аса қауіпті зиянкестерден қорғау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізу, шегіртке көптеп таралған жерлерде экономикалық зияндылық шегінен асатын жерлерді уақытында анықтап, улау жұмыстарын сапалы жүргізу тиімді болады.

Биыл шегірткелерді улау жұмыстары аумағымызда мамырдың 28-інде басталса, шілденің 8-і күні аяқталды. Барлығы 49170 гектар жер өңделген көрінеді. Біздің ауданда қауіпті зиянкестердің бірі итальяндық прус болып табылады. Бұл зиянкес көбінесе дала, құмды және шөл өңірлерінің жусан мен астық тұқымдас өсімдіктер аралас өсетін учаскелерін мекендейді. Шегірткенің өсіп-өніп көбеюін ауа-райының қалыптан астам ыстық немесе суық болу жағдайлары тежеп отырады. Итальяндық шегіртке беде, мақта, күнбағыс, көкөніс және астық дақылдарын зақымдайды екен. Өңірімізде таралған итальяндық прус шегірткесін улау жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінгенімен, жер пайдаланушылар, шаруалар да қолдарын қусырмай, осы жұмысқа барынша атсалысыпты.Осы жолы шегірткелер Новоильин, Приозерный аумағында басым болған. Мамандар әдеттегідей зиянды организмдердің таралуын зерттеп, олардың алдағы уақытта дамуына болжам жасайтын болады. Зерттеулер нәтижесі бойынша тиісті мекемелермен күрес шаралары жүргізіледі.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика