Ауыл көркі өзіміздөн басталады

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2014/111/vritme/vw125FQo.jpg'
There was a problem loading image 'images/2014/111/vritme/vw125FQo.jpg'

vw125FQo.jpg«Тазалық - денсаулық кепілі. Ауыл көркі өзімізден басталады» деп жатамыз. Қайдан? Күнделікті тіршілікпен айналысып жүріп, онша мән бермейтін сияқтымыз. Кейбір көшелердегі түрғындар қалдықты және қоқысты рүқсат етілмеген жерге төгіп, өңірдің санитарлық жағдайын ғана емес, сонымен қатар жақындары мен қоршағандардың денсаулығын нашарлататынын түсінбейтін секілді.

 

  

Аудан орталығының шетіндегі Набережный көшесіне назар аударсаңыз... Аталмыш көшеден өзенге бағытталған жол бойында шашылған қоқыстардан бастап бәрін көруге болады. Оңға қарасаңыз да, солға қарасаңыз да көретініңіз қоқыс пен қалдық. Соған қарап, мұндағы кейбір тұрғындардың үйден шығарған қоқыстарын қоқыс жәшігіне апармай, жолға тастай салатындарын аңғаруға болады. Одан қалды, жан-жақтан ұшып келген қағаздар мен сусын бөтелкелер өз алдына шашылып жатыр. Бұған кім шектеу қояды? 

Жақын маңдағы үйлердің тұрғыны Олжастың мәлімдеуінше, көршілерінің көпшілігі қоқыстарын кешкілік шығарады екен. Бұл мәселе талай рет көтерілгенімен, еш өзгеріс жоқ. Туындаған сұрақтарымызға жауап алу мақсатымен ауылдық округтің әкімінің міндетін атқарушы Азамат Қалақпасовқа телефон шалғанымызда, қалдықтар мен қоқыстар мүмкіндігінше тазартылатынын мәлімдеді. Жақында ғана қызметіне кіріскен жаңа әкімнің мәселені шешеріне үміттенуден басқа амал жоқ.

Ақырында заңсыз жерге тасталған қоқыстар тау-тау болып үйіліп жатпаса болды. Ал, тұрғындар қоқыстарын кез келген жерге тастамай, арнайы орындарға апарғандары дұрыс. Себебі, халықтың тұрмыс деңгейінің қандай екендігін, мәдени әлеуеті қай межеде екенін осы салаға қарап-ақ бағамдауға болады. Осы мәселеге уақытында кірісіп, екі жақты шешім тапқанымыз жөн. Қорыта айтқанда, мұндай жағымсыз көріністерді тұзақтайтын мезгіл жетті. Енді осы заң аясында қалдық пен қоқыс төгушілер мен ластағандарға нақты шара қолдану сұранып-ақ тұр. Сонда барып тұрғын үйлердің айналасы тазаланып, мәдениет тазалықтан басталатынын түсінетін болармыз. Қоршаған орта тазалығы, соның ішінде қоқыс жинау және шығару -бұл біздің уақытымыздың өткір, әрі көкейтесті мәселесі болып отырғаны өкінішті-ақ. Кеңселер мен пәтерлерді жинау сияқты ол да жеке адамнан болсын, бүкіл қоғамнан болсын ұдайы назар аударуды талап етеді. Белгіленбеген жерге қоқыс, қалдықтардың тасталғанын көрсеңіз, тиісті тұлғаларға шағым түсіргеніңіз абзал. Мүмкін, сонда ғана тазалық турасында қоғамдық пікір қалыптастыратын шығармыз. Жалпы, не нәрседе де өзгеге қарап бой түзегеннің еш айыбы жоқ. Сол арқылы өзгелерге үлгі бола аламыз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика