Құқығыңды білсен, қор болмайсың

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2014/111/vritme/c_410_290_16777215_00_http___fotohost.kz_images_2014_07_10_sLA5I.jpg'
There was a problem loading image 'images/2014/111/vritme/c_410_290_16777215_00_http___fotohost.kz_images_2014_07_10_sLA5I.jpg'

c_410_290_16777215_00_http___fotohost.kz_images_2014_07_10_sLA5I.jpgӘр адам өз өмірінде мыңдаған рет алуан түрлі саудалар жасайды. Күн сайын дерлік біз қандай да бір сатып алу-сату мәмілесіне қатысамыз. Тауарды түтынушы ретіндегі өз қүқықтарын білмеушілік кейде бөлшек сауданың алақол қатысушыларының сатып алушы қүқықтарына немқүрайлы қарауына ғана емес, кейде тіпті саналы түрде алдау арқылы қасақана бүзылуына әкеп соқтырады.


 

Мәселен, тұтынушы ауладағы шағын дүкеннен азық-түлік сатып алды делік, ал сатушы оған фискалды чек берген жоқ, әрі сатып алушының мәміле жасағанына куәгерлік ететін де ешкім жоқ. Азық-түлікті қарап шыққаннан кейін, олардың пайдалануға жарамсыздығы анықталады. Сатып алушы оларды қайта өткізбек болады, алайда сатушы бүлінген азық-түлікті қабылдамағаны былай тұрсын, сатып алушының фискалды чегінің, куәгерлерінің жоқтығына байланысты ол азық-түліктердің дәл сол дүкеннен сатып алынғандығын дәлелдеудің мүмкін еместігін алға тартады. Мұндай жағдайда сатып алушының не істеуі керек, не нәрсеге сүйеніп, кімнен көмек сұрауы, кімге жүгінуі керек? Ең бастысы, уақыт пен қаражат шығынына ұшырамастан қалайша ақшасын қайтарып, өз құқығын қорғап қалуы керек?

Түтынушының қандай қүқығы бар?

Тұтынушылар тауар, қызмет және сатушы жөнінде ақпарат алуға (тауардың, қызметтің сәйкестілік сертификаттарын, лицензияланған және сертификатталған қызметке рұқсат құжаттарын, санитарлық-эпидемиологиялық кітапшаны және т.б. талап ету мүмкіндігі) құқылы. Сондай-ақ, әр сатып алушы тауардың, қызметтің тиісті сапасына, сапасыз және сапасыз тауарды ауыстыруға, қайтаруға толық құқығы бар. Сатушыдан тауарды, қызметті алу дерегін растайтын құжаттарды алуға, материалдық және моральдық зиянның өтелуін талап ете алатындығыңызды да ескергеніңіз жөн. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Раиса Овчарованың айтуынша, фискалды чек азық-түлік дүкендеріміздің барлығына да беріледі.

Тауарды қайтару және ауыстыру мүмкін бе?

Сатып алушы құқығы тауарды кері қайтару немесе ауыстыру кезінде жиі бұзылады. Мұндай жағдайда әрбір сатып алушының сауда жасалғаннан кейінгі 14 күнтізбелік күн ішінде азық-түлікке жатпайтын кез-келген сапалы тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға құқылы екендігін, ал сатушының оны қабылдауға міндетті екендігін білгені жөн. Бұл қағида дәрі-дәрмектерден, іш-киімдерден, шұлық бұйымдарынан, жануарлар мен өсімдіктерден басқа азық-түлікке жатпайтын тауарлардың барлық түрлері мен категорияларына қатысты. Айта кетейік, тұтынушының белгілері сақталған, әрі сыртқы түрі бүлінбеген тауарларды ғана қайтаруға болады.

Тауарды қайтару немесе ауыстыру кезінде сатып алушы тауардың барлық пломбалары мен затбелгілерін және тауардың сатып алынғанын растайтын құжатты қоса апаруы тиіс. Егер қандай да бір себептермен тауардың сатып алынғанын растайтын құжатты сатып алушы көрсете алмайтын болса, онда сатып алғанын растау үшін сатып алушы куәгерлер жауабына сүйене алады немесе басқа да тәсілдерге жүгінеді (Мәселен, бейнебақылау камераларының жазбасын қарауды өтінуіне болады). Сонымен қатар, тауарды қайдан сатып алғаны (әмбебап дүкеннен, ауладағы шағын дүкеннен, базардан немесе интернет-дүкеннен) мүлде маңызды емес. Заң нормалары бәріне бірдей.

Аталмыш хабарландыру заңға қайшы емес пе?

«Тауар қайтаруға немесе ауыстыруға жатпайды» деген жазуды көрсеңіз... Бұл заңға қайшы, аталмыш хабарландырудың ешқандай құқықтық сипаты жоқ. Сондай-ақ, сатушылардың акциямен немесе жеңілдікпен алынған тауарды қайтаруға немесе ауыстыруға болмайтыны туралы ескертуі де заңсыз болып табылады. Есіңізге сақтаңыз, құқық нормаларын білу - кез-келген жағдайда өзіңізді қорғаудың ең сенімді тәсілі.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика