Тарандықтар қасиетті Құрбан айтты кең ауқымда атап өтті

4-ші қазан күні мусылманның үлық мерекесі Қүрбан айт басталған-ды. Бүл мейрамға әр отбасы, әр аймақ өзінше дайындық жасайды. Аудан орталығының жүртшылығы да үлық Қүрбан айтты атап өтті.

Құрбан айттың тойлануы биыл жаңаша сипат алды десек артық айтпаспыз. Ауа райының суық болғанына қарамастан тарандықтардың жас-кәрісі орталық мешітке қарай ағылды. «Әйет» мешітінде оқылған қасиетті Құрбан айт намазына жамағат көп жиналды.

 






Ауданымыздың бас имамы Есет Ғабдімәліков айт намазынан бұрын уағыз айтып, Құрбан айттың қадір-қасиеті жайында, құрбан шалған мұсылманның алар сауабы турасында бірқатар өнегелі ойларымен бөлісті. Уағыздан кейін игілікті шараға қатысқан аудан әкімі Бақберген Өтеулин жиналған мұсылман бауырларды аталмыш мерекемен құттықтап, «Қүрбан айт күні шалынәан құрбан қабыл болсын», - деген тілегін жеткізді.

Содан кейін мешітте айт намазы оқылып, мешіт ауласында құрбандық шалынды.Ниет етіп келген халық мешіт қызметкерлерінің жайған дастарқанынан дәм татты. Жиналған жұрт бір-бірін құшақтап, құрбан айт мерекесімен құттықтады.

 

 

Айта кету керек, ауданымыздың әкімі Бақберген Қасымұлының бастауымен барлық мекемелердің басшылары бірігіп, қүрбандыққа үш қара мал шалды. Шалынған қүрбандықтың еттері жетім-жесір жандарға және көп балалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылды.

Дәл осы күні аудандық «Ұшқын» мәдениет үйінде айтулы мерекеге арналған рухани-мәдени іс-шара өтті. Жергілікті әншілеріміздің

орындауындағы әндер құлақ құрышын қандырса, көрсетілген бейнероликтер халыққа тағылымды ой салды. Ұзын сөздің қысқасы, ұйымдастырушылар концерттік бағдарламамен келген жамағатқа мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.

Концерт аяқталғаннан кейін жұрт «Сабина» дәмханасына бет бұрды. Ақ дастарқан басында бір тудың астында тату тәтті өмір сүріп келе жатқан өзге ұлт өкілдері мен ұлыс өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, игі тілектерін жеткізді. Ал, ақсақалдар ізгі ниеттерін білдіріп, баталарын берді. «Бұл мейрамның тарихи тамыры сонау тереңде жатыр, оны қазіргі күні барша мусылман қауымы атап өтуде», - деп атап өткен бас имам барша қауымға өз ризашылығын білдірді.

Бұл күні Таран балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің залында Құрбан айтқа орайластырылған спорттық шара өтті. Тобыл, Валерьян, Таран өңірлерінің командалары волейболдан сынға түсіп, жарыстың соңында үздіктер анықталды. Жеңімпаз команда ретінде мешіт қызметкерлері танылса, екінші орынды АІІб, үшінші орынды әкімдік қанағат тұтты. Әдеттегідей, жүлдегерлерге мадақтамалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Валерьян командасының мүшесі Әйбек Мендібаеө:«Қасиетті Құрбан айт мерекесіне қарсы өткізілген жарыста біз волейбол құрама командасы ұйымдастырушыларәа шексіз ризашылыеымызды білдіреміз. Кейінгі уақытта да осындай шаралар жиі болып тұрса деген ойдамыз. Өз құрамамыздың атынан ауданның бас имамына алғысымызды білдіреміз», -деген ойымен бөлісті.

Үш күнге созылған ұлық мейрамда өңіріміздегі әр үйде дастарқан жайылып,

мерекенің иісі сезіліп тұрды. Ағайын- туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды

жүздестіретін қасиетті Құрбан айт мерекесі ауданымызда осылай аталып


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    В 1905 году в Ново-Ильинском открылась деревянная школа, носившая название- Дамбарская русско-казахска ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Директор Ново-Ильинской школы в 1918 году- Решетняк Василий Прокофьевич. В 1926/27 г. округом выделены ...

    Подробнее...

     
  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика