Бұл мәселе кімнің еншісінде?

c_410_290_16777215_00_http___www.amic.ru_images_gallery_02-2011_640.1_47.jpgБірнеше күн бүрын редакциямызға Тобылдың Бану есімді түрғыны телефон шалған еді. Ол «Балабақшамызда қосымша қазақ тобын ашуға немесе жергілікті мектептердің бірінде мемлекеттік тілдегі шағын орталықты ашып беруге болмас па екен?!» деген сауал қойып, осы мәселеге назар аударуды өтінді.

 

 

 

 

Біз, ең алдымен, Тобыл кентіндегі «Балдәурен» балабақшасының басшысы Ирина Сероуспен хабарластық. «Балабақшамыздың қазақ топтарының бірінде жиырма бес, екіншісінде он бес бала тәрбиеленуде. Бүгінде балабақшада қазақ топтары жеткілікті», - деді мекеме басшысы. Оның айтуынша, ата-аналардың өздері қазақ топтарына бергісі келмейді. Тіпті, балаларын қазақ тобынан орыс тобына көшіретін көрінеді. Ал, біз Тобыл тұрғындарының арасында сауалнама жүргізгенімізде, олар бірауыздан қосымша қазақ сыныптарын немесе жеке мемлекеттік тілде балабақша ашуды сұраған болатын.

Осыдан тоғыз жыл бұрын Тобыл орта мектебі ата-аналардың өтінішімен алғашқы қазақ сыныбын ашса, 2008 жылы қазақ мектепалды даярлық қазақ сыныбын ашқан болатын. Екі тілде білім беретін мектептің директоры Бірәлі Маженовтың мәлімдеуінше, қатысушылардың саны көп болғандықтан, биылғы оқу жылы екінші ауысымға көшуге мәжбүр болды. Өкінішке орай, 444 қатысушысы бар білім ордасында қазақша шағын орталық ашатын орын да, мүмкіндік те жоқ. «Мен шағын орталық ашуға қарсы емеспін, тек шағын орталық ашу үшін, ең алдымен, барлық жағдай жасау керек», - деді ол әңгіме барысында. Ал, №116 мектептің директоры Алена Баева: «Қазақ сыныптарын ашу жоспарда жоқ», - дейді.

Қазіргі таңда халық саны алты мыңнан асатын Тобыл кентінде мемлекеттік тілде білім беретін бір ғана мектеп, қазақ балаларын тәрбиелейтін екі ғана топ бар екен. Бұл тұрғыда тұрғындардың талабы да орынды десек артық айтпаспыз. Ең бастысы, қазақтың қара домалақ балаларын оқытып, ұлттық нақышта тәрбиелейтін балабақша мен мектеп ашу мәселесі кімнің еншісінде болмақ?


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика