Елизаветин ауылының тарихына шолу

Бүгінгі айдарымызда Набережный селолық округінің, нақтырақ айтсақ Елизаветин ауылының алғашқы жылдардағы құрылуы мен дамуына шолу жасап, тарихынан сыр шертпекшіміз.


 





1900 жылы Елизаветинский көшіп-қону учаскесі қүрылды. Бастапқы кезде халық саны 419 адамды құраған болатын. Қоныс аударушылардың көбісі Әйет өзені бойына тұрақтады.

Келген орыс-украин халқы бидай, тары, сұлы өсіріп, егіншілікпен айналысқан. Сонымен қатар, олар қазақтардың мал шаруашылығындагфі кейбір әдістерін үйреніп, жылқы, сиыр, қой баққан екен.

Кеңестік биілк ауылға 1918 жылдың 15-18 қаңтарында келген. Кеңестің бірінші төрағасы Василий Котляров болса, Никита Потехин хатшы болды. Қостанай уезіндегі Кеңес билігінің орнығуына үлкен көмек көрсеткендер -Василий Чекмаревтың басшылығындағы балтайлықтар. Елизаветин аулының көшелеріне В.А. Котляров пен Н.И.Потехиннің есімдері берілді.


 

20-ші жылдардың аяғында елде ауыл шаруашылығының ұжымдастырылуы басталды. 50 үйден тұрған «Новый быт» колхозы 1930 жылы құрылды. Оның басқармасы болып Максим Котляров сайланды, ал Афанасий Котляров пен Павел Погорелов басқарма мүшелері болды. 1932 жылы колхоз басқармасы болып Иван Зубов сайланды. Алғашқы трактор да осы жылы бөлінді. Аталмыш техникада Степан Кистанов, Иван Найда, Николай Деркач, Федор Емцев, Максим Красов жұмыс істеді.



1947 жылдың 22 маусымында кешке қарай ауылдың орталығыңңа колхозшылар жиналды. Жиында фашистік Германияның шабуылы жайлы хабарланды. Барлық ер адамдар өз еріктерімен майданға аттану ықыласын білдірді. Қостанай қалалық әскери комиссариатына 19756 адам, соның ішінде 167 елизаветиндіктер шақырылды. Ауылдықтар майданға жүздеген тоқылған шұлықтар, қолғаптар, көкірекшелер, темекі дорбалар мен нан жіберіп отырды.

Майданға аттанғандарды әйелдер алмастырды. Тракторшы мамандығын игеруге оларға Викторов МТС-сі көмектесті. Қыздардың техниканы игеруі үшін арнайы курстар ашылды. И.Д.Литвиненконың бригадасында 13-15 жасар жасөспірімдер жұмыс істеді. Клавдия Зубованың тобы Тобыл элеваторына жіберілетін бидайға жауап берсе, А.Л.Ереминованың тобы да олардан кем түспеді.

Соғыстың ауыр жылдарынан кейін шаруашылықты қалпына келтіру бірінші қатардағы міндет болды. Майдангер отбасыларынан шыққан ересек балалар оқуларын тастап, колхозда еңбектенді. 1954 жылдың 23 ақпанында «Елдегі бидайды көбейту, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» Пленум өтті. Біздің республикамызға 13 млн.га астық егістікті кеңейтіп, бір жылдың ішінде 1,1-1,2 млрд. пұт астық алу керек болды. Сөйтіп, Елизаветинкаға Украина өкілдері келеді. Мұнда олар шаңырақ көтеріп, еңбекте қайсарлық танытады. 57 колхозшы «Тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды.



1964 жылы тұрғындардың жалпы жиынында совхоздың құрылуы жайлы шешім қабылданды. 1965 жылдың қаңтар айында «Набережный» совхозы құрылып, оның бірінші директоры болып Николай Зюков тағайындалды. Николай Ананьевич 1981 жылға дейін шаруашылықты басқарды. Оның тұсында Мәдениет үйі, орта мектеп, балабақша, монша, МТМ, құрылыс цехы салынды.

Мал шаруашылығында жеті мыңға жуық мал басы болды, 13 мың га бидай егіс алқабы да болыпты. «Набережныйдың» үздік дала қосы, жазғы сауындары бүкіл облысқа және республикаға әйгілі болды. Аудан бойынша алғашқы рет ауылды газбен жабдықтаған да Николай Зюков еді. Жылдан-жылға «Набережный» совхозы асыл тұқымды мал шаруашылығымен және ауыл еңбеккерлерімен танылды.

Набережный округі ауылды ауданмен, қалалармен байланыстыратын басты облыстық магистральде орналасқан. Елді-мекеннің қасында темір жол да бар. Әйет өзені елді ауыз сумен де, суармалы сумен де қамтамасыз етеді.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика