Аудан орталығындағы ғимарат қамқорлыққа зәру

Өңірімізде талай ғимараттар жөнделіп жатқандығын жоққа шығара алмаймыз. Сынаптай сырғыған уақыттың көшімен бірге талай шаруа шалқасынан түсті. Қазір солардың көбі кетіп, азы қалды деп жүрміз. Бірақ, күн тәртібіндегі кезегін күтіп, түйіні тарқатылмай турған, әңгімеміздің арқауы болып отырған маңызды мәселені айналып өтуге тағы болмайды. Көзбен көріп, көкейге түйгенімізді айтайық.

  


«Достық» мәдени-танымдық орталығының қызметкерлері төбеден аққан жауын суымен үш жылдай арпалысып келеді. Жаңбыр жауса, күндері сорғалаған суды шелектерге толтырып, оны төгумен өтеді. Ересектерді былай қойғанда, кітапханаға келетін балалардың өздері ыңғайсыздық сезінеді емес пе? Себебі, күз келгелі төбеден тамшылаған су бір тоқтамапты. Оған қоса, «көрмейін десем, көзім бар» демекші, жаңбырлы күндері кабинетімізге кірмес бұрын (редакция да осы ғимаратта), кедергілерден өтуімізге тура келеді. Өйткені, бұл күндері дәліздегі басқыш алаңы төбеден аққан судың кесірінен үнемі шалшық-шалшық болады. Еден жуушының сорын-ай...! Көзге ұрып тұрған кемшіліктерді жиі көріп жүргенімізбен, әйтеуір, бір шешімі табылар деп үміттенген едік. Алайда, еш нәтиже жоқ.

Бұл ғимарат мұрағат, АІІБ мен кітапхананың иелігінде екен. Ал, дәл осы мекемеде орналасқан «Маяк» газетінің редакциясы мен ТЖ бөлімі жалға алушы болып табылады. Яғни, шатырдың жөнделуінің қамын ғимарат иелері ойлауы тиіс қой. Сол себепті, қандай да бір түсініктеме алу мақсатымен бірінші кезекте аудандық орталық кітапхана жүйесі бөлімінің басшысы Гаухар Асановамен хабарластық. «Аталмыш мәселені көтеріп, басшылықты хабардар еттік, енді қолайлы шешімін күтудеміз. Нақты қашан шешілетіні әзірше белгісіз», - деді ол. Мемлекеттік мүрағаттың басшысы Бақыт Баймағамбетова да туындаған мәселенің көтерілгенін алға тартты. «Аудан әкімінің тапсырмасымен төбені жөндеуге смета дайындадық. Өткен жылгы сметалық есеп бойынша төбені толыгымен жөндеу жүмысы 1,5 млн. теңге қаржыны құрады», - деді ол әңгіме барысында. Бюджеттен ақша бөлінбегендіктен, былтыр ғимараттағы мекемелерден ақша жиналып, жұмысшылар күшімен төбеде жөндеу жұмыстары жүргізілген-ді . Өкінішке орай, жиналған ақша зая кетті. Шатырда пайда болған тесіктердің кесірінен әлі де су ағуда.

Осылайша, басшылардың жауаптары жоғарыдағыдай өрілді. Ұққанымыз, бәрі де әдеттегідей бюджеттен бөлінетін қаржыға тіреліп түр. Дегенмен, билік нақты нәтиже шығаруға асықпайтын секілді. «Шегені қаға білмеген, саусағын ұрады» деген. Амал қанша, биліктің білек сыбануын күтіп, толғанысқа түрткі болған істің шешілетінін күтеміз.


Комментарии  

 
+3 # Елена К. 10.11.2014 18:45
Дети цветы жизни! А цветы нужно поливать. Так пусть они читают под дождём.:-)
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 
 
+1 # Акмарал 16.11.2014 14:27
Я так и не поняла - почему власти ничего не предпринимают. Чего ждём?
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика