Қардан тазартатын техника жеткілікті ме?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/1/raschistka-snega.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/1/raschistka-snega.jpg'

raschistka-snega.jpgБірнеше күннен бері ауданымызда толассыз қар жауып тұр. Қар тазарту жұмыстарымен айналысатын мекемелердің жағдайы қалай екен? Қардан тазартатын техника жеткілікті ме?

Аудан аумағындағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар автокөлік жолының жалпы ұзындығы 506 шақырымды құрайтын көрінеді. Қысқы мезгілде автокөліктің қауіпсіз және тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жол қызметтері бірталай жұмыс жүргізеді. Олар өздеріне белгіленген учаскелерде жұмыс жасайды. Аудан аумағындағы автожолдарды тазартумен бес мердігерлік мекеме айналысады. «Казахавтодор» ЖШС республикалық, ал «Костанайжолдары» ЖШС облыстық маңызы бар жолдарды тазартса, «Молдабеков С.М.» және «Борамбаева Ж.С.» ЖК, «Тугельбаев С.Ш.» , «Заря» мен «Ахметжанов» шаруа қожалықтары , сонымен қатар үш қосалқы мердігерлік ұйымдар аудандық маңызы бар жолдарға жауапты екен. Аталмыш ұйымдар қысқы маусымға дейін қардан тазартатын машиналарды дайындап, техниканы алдын ала жөндеп, сынап көріпті.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек, қысқы маусымда аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күту бойынша арнайы жоспар құрылған. Казгидрометтің хабарламасы дабыл сигналын беруге басты негіз болып табылатын көрінеді. Қар басып қалатын учаскелерге ерекше назар аударылады. Мысалы, ауданымызда күртік қарға 3000 тұрғыны бар 7 елді-мекен мен 28 шақырымдық республикалық және жергілікті маңызы бар 20 автокөлік жол учаскелері, тап болуы мүмкін. Ұзындығы 45 шақырым облыстық маңызы бар «Тобыл-Таран-Красносельск-Набережный» автожолы да күртік қарға толы. Өзге де қарлы учаскелер үнемі бақылауда екен. Жұмысты жедел орындау үшін кезекшіліктің үш деңгейі (А.Б,В) бар.

Бүгінде қар тазарту жұмыстарымен айналысатын мекемелерде тыным жоқ. Мамандардың айтуынша, қардың қалыңдығы 15 сантиметрге жеткен көрінеді. Аудан орталығының көшелерін тазарту үшін екі техника жұмылдырылған екен. Қар таңғы алтыдан сегізге дейін тазартылады. Ауданымызға қарасты өңірлерге де қар тазартатын көліктер бөлінді, сондықтан шалғай ауылдарға қатынау қиындық туғызбауда. Осы күнге дейін көлік тоқтап қалған жағдайлар болған емес.


Комментарии  

 
0 # Кайрат 09.01.2015 16:03
Это у нас ещё буранов не было.... Зимние дороги - главная головная боль... Не проехать, не пройти
Ответить | Ответить с цитатой | Цитировать
 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика