Сыбыс па, әлде шындық па?

Ауданымызда қай сала болмасын, атқарылып жатқан жұмыстар халықтың көз алдында. Осындай бір тарап – денсаулық саласы. Айтайық дегеніміз, ауылдардың бірінде ... қызметкерінің еңбекақысының үш есе төмендеп, енді жеті-ақ мың теңге алатыны жайлы құлағдар болдық. Бостан-босқа тараған сыбыс па, әлде шындық па? Мүмкін, бұл қысқарту емес, оңтайландыру шығар...Туындаған жәйттің анық-қанығын біліп, сауалымызға жауап алу мақсатымен орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Абат Жауковқа бет бұрдық.

«Халық саны 50-ден 800-ге дейін тұрғыны бар елді-мекенде ғана медициналық пункт жұмыс істейді. Елуден кем тұрғынға қызмет көрсететін пунктті біз жабуға мәжбүр боламыз.Белгіленген ереже бойынша әр медициналық мекеменің өз талаптары мен штаты болады», - дейді бас дәрігер Абат Бекболатұлы.

Ал, әңгімеміздің арқауы болған аталған жағдайды сұхбаттасымыз теріске шығарып, штаттық бірліктің қысқартылмағанын алға тартты. Бірақ, қойылған штаттық бірліктердің штаттық талаптарға сәйкестендірілгенін жасырмады. Қызметкерлеріміздің бәрі де ставкада жұмыс істейтін көрінеді. Енді биыл әр қызметкердің жұмыс мөлшері анықталып, соған байланысты денсаулық сақтау жүйесінде өзгерістер енгізіледі. Мысалы, бір ауылдың медициналық қызметкері күніне 10 адам, ал көршілес ауылдың қызметкері 50 адам қабылдайды. Демек, екеуінің де жалақысы бір болғанмен, жұмыс мөлшерінің айырмашылығы жер мен көктей. Сол себепті, енді еңбекақы тікелей жұмыс мөлшеріне байланысты болады.

Жақын арада құзіретті органдар ауданымыздағы медицина саласындағы былтырғы жылдың жан-жақты көрсеткіші бойынша саралау, талдау жүргізіп, сол бойынша бірталай өзгерістер енгізеді деп күтілуде. «Қандай да бір өзгерістер жоспарланса, біз қызметкерлерімізді хабардар етеміз», - деп сендірген бас дәрігер медициналық қызметкерлердің жұмыссыз қалмайтынын айтты. Әйтеуір, саладағы кез-келген өзгерістер опынтып жүрмей, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыруды көздесе дейміз.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика