Билет бағасын кім реттейді?

Multithumb found errors on this page:

There was a problem loading image 'images/2015/4/Thumbnaibiletikvash.jpg'
There was a problem loading image 'images/2015/4/Thumbnaibiletikvash.jpg'

Thumbnaibiletikvash.jpgЕстеріңізде болса, жақында ғана қоғамдық көліктердегі жол жүру құнының қымбаттағаны жайлы жазған едік. Ең қызығы, «Рудный-Береговое», «Рудный-Нагорный» бағыты бойынша жүретін автобустың билет құны сол қалпынша.

Осы бағыттағы тарифтің сақталуына не себеп болды? Жағдайдың анық-қанығын білу мақсатымен «РудныйАвтоТранс» ЖШС-не телефон шалдық. Эксплуатация бөлімінің басшысының мәлімдеуінше, Береговое ауылының тұрғындарының жаудырма өтініштері бойынша жол ақысы құнының есебіне тексеріс жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде «Рудный-Береговое», «Рудный-Нагорный» бағытындағы билет құнын есептеу кезінде қашықтықтың дұрыс көрсетілмегені анықталды. Сондықтан да, автобустың билет құнындағы өзгерістер дұрыс болмады.

Туындаған істің жағдайы анықталғанша, былтырғы тарифті қалдыруға шешім қабылданды. Тиісті өлшеу мен есептеу жүргізілгеннен кейін жаңа тарифтерді келістіру үшін құжаттар берілді. Енді жаңадан бекітілген тариф («Рудный-Береговое» - 155 теңге, «Рудный-Нагорный» - 240 теңге) қаңтардың 30-нан бастап қолданысқа енгізіледі. Басқа бағыттарда қателер табылған жоқ.

Өкініштісі, жол жүру ақысы шарықтаса да, қызмет сапасы оған ілесе алмайды. Бағаның көтерілуімен тасымалдаушы мекемелерге қойылатын талап та күшейтілсе екен...


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

 

Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

     
  • Katharina Wins
    Мы гордимся учителями Новильиновской средней школой.Наша школа всегда славилась хорошим ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика