Ауданның бүгіні мен ертеңіне шолу

Сейсенбі күні аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуінде қатысушылар ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының саралануын тыңдап қана қоймай, қандай ауқымды жұмыстың атқарылғанын және келешектегі жоспарлармен көзбе-көз танысуға мүмкіндік алды. «Ұшқын» мәдениет үйінде барша қауымға ұсынылған көрмеде он алты стенд, алты макет, инстаграммалар, бейнероликтер және парфоманс паш етілді. Ұйымдастырушылар олардың әрқайсысына тоқталып, мазмұнды мағлұмат беріп өтті.



Бүгінде 2015 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуге тиіс «Жалпы қолданысқа арналған Баталы бекеті – Варваринское бекеті темір жолы» өндірістік жобасын іске асыру бойынша жұмыс жасалуда. Ұзындығы 13,6 шақырымды құрайтын теміржол құрылысы кәсіпорынға өндірістік көрсеткіштің жоспарланған көлемін сақтап қалуға мүмкіндік береді.




Ауылшаруашылық саласында малшаруашылығының дамуына және бақша дақылдарын, көкөністерді және жемшөптік дақылдарды өсіру өндірісін арттыруға бағытталған «Вернигоров», «VIVA», «Цой Виктор» секілді бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Суармалы алап көлемі жылдан-жылға артып, суару әдістері түрлендірілуде. Жобаларды енгізу нәтижесінде 92 жұмыс орындары ашылды.



«Турбаза Дружба» ЖШС-нің негізгі қызмет түрі демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету болып табылады. Болашағы зор база аумағында қазірдің өзінде біраз жағдайлар жасалған. Осы уақытта жалпы 45 миллионнан артық теңгеге инвест-жоба жүзеге асырылып отыр.



«Тобыл ауылындағы диірмен кешені, дәнді сақтауға арналған сүрлемдер, автономиялы жылыту бекеті, автокөлікті және теміржолды шұңқыр, таразынысанының құрылысы» жобасын «Olzha storage» ЖШС қолға алмақшы.



Дене шынықтыру мен спорттың жаппай дамуы үшін ауылдық округтерде спорт әдіскерлерінің төрт қосымша бірліктері енгізілді. Спорттық құрал-саймандарды сатып алуға 1,0 млн. теңге, спорттық киімге 460 мың теңге қаржы жұмсалды. Майский ауылындағы спорт залы мен стадионды жөндеуге бюджеттен 5,2 млн. теңге бөлінді.



Былтыр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында Тобыл ауылындағы екі көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу үшін 38 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Мемлекет ерекше маңыз беріп отырған бұл бағдарламаның ел игілігіне аз да болса жарағаны қуантады.


Добавить комментарий


Защитный код
Обновить


Авторизация

Ваши комментарии

  • Александр К
    Достижения прикладной науки - это конечно хорошо, но самым главным, - фундаментальной наукой, никто не ...

    Подробнее...

     
  • Александр Шефер
    Остается надеяться на осуществление этого нужного проекта. История Тарановского района, на мой взгляд ...

    Подробнее...

     
  • Земляк
    В нашем селе каждый перекресток аварийно опасен. Дорожные знаки устанавливаются абы как. Кто принимает ...

    Подробнее...

     
  • Елена2607
    Это моя Любимая бабушка Рая! Самая добрая, самая терпеливая и с такой вот не простой судьбой. Моя ...

    Подробнее...

     
  • Матвей
    Асель, очень хорошая девушка... :-| лично ее знаю

    Подробнее...

     
  • Екатерина Петрова
    на периферии мы будем ждать уже не новую освободившуюся технику, естественно, в технически исправном ...

    Подробнее...

Обменник

курс валют

Яндекс.Метрика